scieee Science in your language
[en] (orig)

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗ МАҒЫНАСЫНЫҢ ДАМУЫ БАРЫСЫНДА ЖАСАЛҒАН СИНОНИМДЕР

Author: Балтабаева С.
Publisher: Zenodo
DOI: 10.5281/zenodo.17704645
Source: https://zenodo.org/records/17704645/files/396-399.pdf
396
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗ МАҒЫНАСЫНЫҢ ДАМУЫ БАРЫСЫНДА
ЖАСАЛҒАН СИНОНИМДЕР
Балтабаева С.
қазақ тіл және әдебиеті 2-курс студенті Әжіняз атындағы НМПИ
DOI: h ps://doi.o g/10.5281/zenodo.17704645
Аннотация. Ғылыми мақалада сөз және оның даму барысында жасалған лексикалық
синонимдердің мағыналары ашып берілген. Сондай-ақ синонимдік қатарларға Абай
шығармаларынан мысалдар келтірілген.
Кілтті сөздер: Синоним, cемантика, сын есім, лексика, лексика-грамматикалық мағына.
Аннотация. В научной статье раскрывается значение слова и лексические синонимы,
созданные в ходе его развития. Также приведены примеры синонимических рядов из
произведений Абая.
Ключевые слова: Синоним, семантика, прилагательное, лексика, лексико-грамматическое
значение.
Anno a ion. The scien i ic a icle e eals he meaning o he wo d and lexical synonyms c ea ed
du ing i s de elopmen . Examples o synonym se ies a e also gi en om Abai's wo ks.
Key wo ds: Synonym, seman ics, adjec i e, lexicon, lexico-g amma ical meaning.
Лексикалық синонимдер сөздердің негізгі, тура мағынасы тарапынан ғана
емес, олардың ауыспалы мағынада қолданылуы арқылы да молайып отырады.
Өмірдегі заттар мен құбылыстарды, олардың әр түрлі қасиеттерін сөзбен атап
отырудың қажеттігі жаңа мағыналардың пайда болуына, тілдің негізгі сөздік
қорында бұрыннан бар сөздердің мағыналық жақтан дамуына әсерін тигізеді.
Сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы олардың көп мағыналылығымен тығыз
байланысты. Сөз негізгі мағынасынан басқа ауыспалы мағыналарға ие болуы
арқылы бірнеше синонимдік қатарларда жұмсалады. Сөздердің мағыналық жақтан
дамуы көп мағыналы сөздерді туғыза келіп, синонимдердің жасалуына ықпал етеді.
Сондықтан синонимдердің жасалуын қарастырғанда сөздің мағыналық жақтан
дамуына, соның нәтижесінде көп мағыналы сөздердің пайда болуына ерекше назар
аудару қажет. Мәселен, ақ сөзінің мағыналық жақтан дамуын қарастырайық. Бұл
сөздің бірнеше мағынасы бар: 1. Ақ–боз, шаңқан, аппақ; 2. Ақ–таза, пәк, адал; 3.
Ақ–сүттен жасалған әр түрлі тағам.
Мұндағы ақ сөзінің әппақ, боз, шаңқан деген мағынасы тура мағына да, басқа
мағыналары–тура, негізгі мағынаның нәтижесінде жасалған туынды мағыналар.
Негізгі мағына мен туынды мағыналардың өзіндік ерекшеліктерін айқын аңғару
үшін ақ сөзін контекст ішінде алып көрген жөн: 1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды//
397
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды [1:71].. 2. Ақ көңілді жақсыдан, Аянбай салыс
ортаға [1:132].. 3. Ынсапсызға не керек, істің ақ пен қарасы. 4.Мал семірер, ақ
пенен ас көбейер [1:121]..
Бірінші сөйлемде ақ сөзі түсті, одан кейінгі екі контексте таза көңілді,
адалдықты, соңғы сөйлемде сүт, айран, қаймақ секілді тағамдарды білдіреді. Ақ
сөзінің туынды мағыналарының барлығы ақ деген түсті білдіретін тура мағынаға
қатысты жасалған.
Жалпы сөздік құрамдағы сөздердің мағынасы алғашында дара және нақтылы
болса керек. Жаңадан танылған заттар мен құбылыстарды сөзбен атау қажеттігі
әрқашан жаңа сөздерді туғыза бермейді. Дүниедегі құбылыстардың ұқсас
қасиеттері мен белгілерін білдіру үшін сөздік қорда бұрыннан бар сөз өзінің тура
мағынасының үстіне қосымша мағына қосып алады. Сөйтіп алғаш бір мағынаны
білдірген сөз енді екі немесе бірнеше мағынаны білдіретін сөзге айналады. Көп
мағыналы сөздің пайда болуына, біріншіден, адамдардың өмірді жан-жақты танып
білуі әсер етсе, екіншіден, сөздің мағыналық жақтан дамуы себепкер болады.
Туынды мағыналар арқылы жасалған көп мағыналы сөздің әрбір жеке мағынасы
өзара мәндес басқа сөздермен қарым-қатынасқа түседі де, соның нәтижесінде
синонимдес сөздер пайда болады. Көп мағыналы сөздің әр мағынасы жеке
синонимдік қатар құрайды. Мысалы, қатты сын есімі бірнеше мағынаны білдіруге
байланысты, бірнеше синонимдік қатарға кіреді.
1. Қатты–берік, мықты, тастай. Мысалы: Таңдай, тіл дǝм білмесе, дүниеде не
тǝтті, не қатты, не дǝмдінің қайсысынан лǝззат алар едік? [2:123].
Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас//Разы емес осындай ат мінбесем!
[1:45].. »
2. Қатты– қатал, мейірімсіз, қайырсыз, қатыгез. Мысалы: Қайрауы кеткен
қатты би,//Қайрылып нетсін көңілді. Ауқаты бар туғанды//Қайырсыз ит деп
жаттайды [1:56].
3. Қатты–сараң, қарау, қытымыр, пейілі тар.
Қазақ әдеби тілінің сөздігінде қатты сөзінің бірнеше түрлі мағынасы берілген:
1). Жұмсақ емес, мықты, берік. 2). Өте, аса. 3). Көтеріңкі, күшті. 4). Ешнǝрсені
сезбей, тырп етпей ұйықтау. 5). ауыс. Қатыгез, қатыбас [3:467]. Біздіңше, қатты сын
есімі бұлардан басқа сараң, қарау, ешкімге ештеңе бергісі келмейтін, пейілі тар
деген мағынаны да білдіреді. Сөздікте ол тек «тастан қатты» деген тұрақты тіркес
күйінде берілген. Қатты сөзінің бұл мағынасы осы сөздің тура жǝне ауыспалы
мағыналарымен белгілі бір семантикалық байланыстың нǝтижесінде пайда бола
келіп, тілде кеңінен қолданылады.
398
Демек сөздің мағыналық жақтан дамуы, қосымша жаңа мағыналарға ие болуы
көпмағыналы сөздердің пайда болуына әсер етсе, көпмағыналы сөз әр
мағынасында әр түрлі синонимдік қатарға ену арқылы синоним сөздердің қатарын
кеңейтіп отырады. Көп мағыналылық құбылыс та, синонимдер де сөздердің
абстракт мағынасымен байланысты болады. Абстракт мағына сөздің нақтылы
мағынасынан туып, дамып отырады.
Синонимдік қатарлардың кеңеюіне әсер ететін көпмағыналы сөздердің
мағыналарының біреуі негізгі мағына болса, қалғандары туынды мағыналар болып
саналады. Сөздің мағыналық жақтан дамуына, туынды мағыналардың пайда
болуына ұйтқы болатын-оның тура мағынасы. Мысалы, бос деген сөзді алып
көрейік. 1. Бос – ішінде ештеңе жоқ; 2. Бос – бейсауат, жұмыстан тыс,
пайдаланылмаған уақыт; 3. Бос – еркін, азат; 4. Бос – жуас, момын, ынжық.
Әуелде к…. бос кǝпір,
Мықтыға не қып беттеймін? [1.78]..
...бергенімен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай,
ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң, һǝм
соның тілеуін тілемесең болмайды [117]..
5. Бос – құралақан, ештеңесіз. Мысалы:
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең – істің бǝрі бос [1:86]..
Білгенге жол бос,
Болсайшы қол бос
Талаптың дǝмін татуға [1:89]..
Адам нǝпсі, өзімшіл мінезбенен
Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес [1:247]..
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге [1:49]..
Бос сөзінің туынды мағыналарының пайда болуына ұйтқы болатын–ішінде
ештеңе жоқ деген тура мағына. Бұл мағына туынды мағыналардың жасалуына негіз
бола келіп, оларды әрі айқындап, әрі толықтырып тұр. Бос сын есімінің тілде алғаш
қолданылғаны да осы мағына болу керек. «Бейсауат, жұмыстан тыс,
пайдаланылмаған уақыт»; «жуас, ынжық»; «еркін, азат»; «құралақан, ештемесіз»
деген мағыналардың туынды ретінде, тілдің дуамы барысында кейінірек пайда
болғаны аңғарылады.
Сонымен сөздің мағыналық жақтан дамуы мен туынды мағыналарға ие болуы
нǝтижесінде пайда болған көпмағыналы сөздер синонимдердің жасалуына
399
айрықша ǝсер етеді. Көпмағыналы сөз ǝр мағынасында ǝр түрлі синонимдік топ
жасауына байланысты, синоним сөздердің шеңберін кеңейтеді. Сөйтіп, тілдің
дамуы барысында пайда болған мағыналық ерекшеліктер мен ауыспалы жаңа
мағыналар синонимдік қатардың өсуіне ықпал тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Абай. Жинақ. 1-2- т. Алматы. Ата мұра. 2005. –Б. 200.
2. 2.Абай. Қалың елім қазағым. Алматы. Атамұра. 2002ж ¬–Б.223.
3. Қазақ ǝдеби тілінің сөздігі.9-т., Алматы. 2011. –Б.423.