scieee Science in your language
[en] (orig)

ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

Author: Г.К. Отарбаева
Publisher: Zenodo
DOI: 10.5281/zenodo.17709145
Source: https://zenodo.org/records/17709145/files/MINWHSP016.pdf
68
Vol. 5, No. 11 pa 2 – Special Issue (EJSSPC)
ISSN: 2181-2888
MINWHPS
In e na ional Scien i ic-P ac ice Con e ence on
“Mode n In e p e a ion o Na ional and Wo ld
His o y: P oblems and Solu ions”
Denau, No embe 17, 2025
in-academy.uz/index.php/ejsspc
ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА
ҮЛЕС ҚОСҚАН ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ
Г.К. Отарбаева
М. Әуезов атындағы ОҚМУ
h ps://doi.o g/10.5281/zenodo.17709145
1917 жылғы Қазан оқиғаларынан және билік басына большевиктер партиясы келгеннен соң,
Түркістан өлкесіндегі қазақтар мен басқа да жергілікті ұлт өкілдерінің әлеуметтік-саяси,
идеологиялық және рухани өмірінде жаңа кезең басталды.
Қоғамдық өмірді жаңарту жөніндегі большевиктердің бағдарламасы білім мен ағарту
саласын жанай өтуі мүмкін емес еді. 1918 жылы наурызда бұл бағытта алғашқы қадам
жасалды, яғни бұл кезде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі «Халыққа білім беру кеңесін»
ұйымдастыру туралы декрет жарялады. Оны өкімет 1918 жылы маусымда «Түркістан Халық
ағарту комиссариаты» етіп өзгертті. 1918 жылдың маусым күндерінде Ташкентте Түркістан
Республикасының мұғалімдері мен халыққа білім беру қайраткерлерінің сиезі ашылды. Осы
сиезден соң мектеп ісі мен білім жүйесі жаңа негіздерде өзгертіле бастады. Бұл өзгеріс Халық
ағарту комиссариатының құрамына да қатысты болды. Комиссариат 12 бөлімнен құралды,
онда мұсылман мектептері секциясы жұмыс істеді. Бұл секция 1918 жылдың күзінде «түркі
секциясы» деп өзгертілді [1, 415 б.].
Халық ағарту комиссариатының мүшелері мен «түркі секциясының» қызметкерлері
кеңестік жаңа мемлекет жүйесі тұжырымдамасын іске асыруға тиіс болды. Мұнда
«идеологиялық тұрғыдан дұшпан» деп танылған оқу орындарына тиым салынды. Жадидттік
және діни мектептер әуел бастан-ақ осылардың қатарына жатқызылды. Атап айтқанда, осыған
орай ескі әдістік мектептер мен медреселерге қаржылай көмек беру мен кез келген түрдегі
көмек көрсету тоқтатылсын деп шешілді. Халыққа білім беру бөлімдеріне жұмысшы және
шаруа депутаттары кеңесі арқылы осы мектептерден «Реформалануды және жалпы
республикалық типті қабылдауды қалай ма?» деген сұраққа жауап алу тапсырылды.
Жаңа биліктің өкімдерінің бірі Түркістан ұлттық мектептерінің оқу жоспарына міндетті пән
ретінде орыс тілін енгізу болды. Жаңа тарихи жағдайларда большевиктер бұрынғы биліктің
орыстану саясатын жалғастыра берді. Осы саясатты іске асыру қоғамды кеңестік мәдениет деп
аталатын тоталитарлық идеологияны орнықтырумен тығыз байланысты болды. Ұлттық
мәдениет пен тілдерді дамыту мәселелріне арнап, қоғам назарын өзіне аудару әрекеттері кеңес
шенеуніктері тарапынан жек көре қабылданды және оларды қауіптендірді. Өкімет біртіндеп
көп ұлтты елде мемлекеттік тіл зиян келтіреді, оған жол беруге болмайды деген идеяларды
қолдана бастады.
Ұлттық тілдердің мәртебесі туралы мәселе мүлдем талқыланған жоқ. Алайда, орыс тілі
кеңес елінің бүкіл аумағында мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді. Әрмен қарай ұлттардың
қосылып, біртұтас «кеңес халқы» болып құралуы туралы идеяны жариялау жағдайында
КСРО-да орыс тілінің мемлекеттік тіл болуы наразылық тудырмады, қоғам тарапынан ол
аксиома деп жарияланды.
Өлкеде кеңес өкіметі орнаған соң, жергілікті халықтың көптеген танымал өкілдері (оның
ішінде қазақтар да) түрлі кеңестік мекемелерге қызметке тартылды. Мұнда олар белсенді
жұмыс атқарып, жаңа ұлы державалықтардың қуатты идеологиялық қысымына қарамай,
халық мүддесін қорғауға және ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен мәдениет ерекшеліктерін
сақтауға өз үлесін қоса білді.
69
Vol. 5, No. 11 pa 2 – Special Issue (EJSSPC)
ISSN: 2181-2888
MINWHPS
In e na ional Scien i ic-P ac ice Con e ence on
“Mode n In e p e a ion o Na ional and Wo ld
His o y: P oblems and Solu ions”
Denau, No embe 17, 2025
in-academy.uz/index.php/ejsspc
Атап айтсақ, эмиграцияға кетпей тұрып М. Шоқай жергілікті жастар үшін Ташкентте
жоғары оқу орнын ашуға маңызды ықпал етті [2, 17 п.].
1918 жылы қарашада түркістандық қазақ зиялы қауымы өкілдерінің күшімен Халақ ағарту
комиссариатының алқасы Ташкентте қазақ педагогикалық курстарын ашу және курсанттар
қатарына кемінде 60 адам қабылдау туралы шешім қабылдады [3193, 4 п.]. Бұл курстардың
жанында педагогикалық алқа құрылды, оған Иса Тоқтыбаев төраға болып, Хайретдин
Болғанбаев, Сұлтанбек Қожанов, Қоңырқожа Қожықов, Фазыл Құлтасов және Емберген
Табынбаев мүше болып сайланды [3, 14 п.].
1919 жылы 1 маусымда орыс педагогикалық училищесі жанынан ашылған қырғыз (қазақ)
бөлімі өз алдына жеке отау тікті. 1920 жылдың қыркүйегіне қарай бұл училище Қырғыз (қазақ.
– Г.О.) Халық Ағарту институты болып құрылды.
«Қырғыз (қазақ. – Г.О.) Халық Ағарту институты туралы» жобаның негізгі ережелері
мынадай болып келеді:
1. Түркістан Республикасының бүкіл ұлыстары өз бетінше мәдени тәуелсіздік алуға құқығы
бар екендігін назарға ала отырып, Халық ағарту комиссариаты Қырғыз (қазақ. – Г.О.) Халық
ағарту институтын түрлі білім салалары бойынша жоғары білікті мамандар дайындауды ғана
емес, сондай-ақ қырғыз (қазақ. – Г.О.) халқының мәдениеті және ағартуымен айналысуды
мақсат тұтатын жоғары оқу орнына теңестіріледі.
2. Қырғыз (қазақ. – Г.О.) Халық ағарту институты келесі бөлімдерге ие: педагогика,
медицина, ауыл-шаруашылық, физика-математика...
5. Түрлі ғылым салалары бойынша мамандар дайындаудан басқа институт бағдарламасына
келесі міндеттер кіреді:
а) педагогикалық іс-тәжірибе ұсынатын жалпы мәселелер мен арнайы мәселелер сияқты
ғылыми әзірлемелер: қырғыз (қазақ. – Г.О.) мектептерінің типтерін жасау, ана тілінде
бағдарлама жасау мен оқулықтар құрастыру және т.б.;
ә) еуропа ғылымдарын жедел меңгеру үшін қырғыз (қазақ. – Г.О.) тілін жетілдіру;
б) ғылыми пікірталастарға арнап терминология жасау;
в) қырғыз(қазақ. – Г.О.) ғылыми және көркем әдебиетін жинау мен әзірлеу
г) қырғыз(қазақ. – Г.О.) халқының ескі заман және өнер ескерткіштерін жинау мен жүйелеу;
д) қырғыз(қазақ. – Г.О.) халқының тарихын зерттеу мен құрастыру;
е) бұрынғы және қазіргі шаруашылық-тұрмыс құбылыстарын, әдет-ғұрыптарын дәстүрлілері
мен өмір сүру салттарын зерттеу...» [4, 36 б.].
Кейбір қазіргі зерттеушілердің пікірінше, қазақ интеллигенциясы осы институтты
«болашақта халық шаруашылығының түрлі бағыттары бойынша жоғары білікті қазақ
мамандарын дайындауға қабілетті, қазақ халқының рухани ілгерілеуіне ықпал ететін ғылым
мен мәдениет ошағы іспетті университет болады» деп санады [4, 37 б.].
20 жылдардың басында института көптеген танымал қазақ қоғам және мемлекет
қайраткерлері дәріс оқыды: атап айтсақ: М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов, С. Қожанов, И.
Тоқтыбаев, М. Жұмабаев, К. Жаленов, Х. Болғанбаев, Ф. Құлтасов, Е. Табынбаев, С. Өтегенов,
А. Байтұрсынов, Д. Сарсенов және т.б. [5, 5-6 пп.].
Осы кезеңде Түркістан қазақтарының ұлттық мәдениетін, білімі мен ағарту ісін дамытуға
Н. Төреқұлов (Ферғана облыстық кеңесінің халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі,
Түркістан Компартиясы ОК төрағасы және т.б. қызметтер атқарған), С. Қожанов (1921-1922
жылдары Халық Ағарту комиссары), Т. Рысқұлов (Түркістан Республикасы Орталық Атқару
комитетінің төрағасы және Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы),
70
Vol. 5, No. 11 pa 2 – Special Issue (EJSSPC)
ISSN: 2181-2888
MINWHPS
In e na ional Scien i ic-P ac ice Con e ence on
“Mode n In e p e a ion o Na ional and Wo ld
His o y: P oblems and Solu ions”
Denau, No embe 17, 2025
in-academy.uz/index.php/ejsspc
С. Асфендиаров (Түркістан Республикасы Денсаулық сақтау халық комиссары, 1923-1924
жылдары Түркістан Компартиясы ОК жауапты хатшысы) зор үлес қосты. Олар қазақ
халқының өмірі мен хал-ахуалын жеңілдету және ағарту, білім мен мәдениет саласына
қатысты көптеген мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды. Мәселен,
ілгеріде атап өткен Қазақ кедейлерінің сиезінде осы мәселеге ерекше көңіл бөлінді. Сиезд
делегаттары қазақ жастарын ағарту ісіндегі маңызды кемшіліктерді көрсете отырып, былай
деп атай өтті: «Ташкент қаласының өзінде жалғыз қырғыз(қазақ. – Г.О.) орта оқу орнында
отынның жоқтығынан сабақ өтпей қалуда, бірінші сатылы интернаттар мектептер
қырғыз(қазақ. – Г.О.) балалары суықпен аштықтан өлуде. Ал осы мезгілде еуропалық
мектептер мен интернаттарда істің жағдайы өте жақсы болатын. Деректер бойынша,
қырғыз(қазақ. – Г.О.) кедейлерін ағарту ісіне өткен жылы бір ғана Ташкент қаласының
тұрғындарының көңлін көтеруге жұмсалған қаржыдан 2-3 есе кем ақша жұмсалған. Қалалар
мен деревняларда үнқағаздар, брошюралар мен көне әдебиет түрлері төгіліп жатса, ауыл мен
қышлақтар надандық пен хабарсыздыққа белшесінен батып отыр... Орыс және басқа тілдерден
аударма жасап, қырғыз (қазақ. – Г.О.) тілінде оқулықтарды баспадан шығаруға тез арада шара
қолдану қажет. Халықтың қырғыздар (қазақтар. – Г.О.) бөлігіне арнап кәсіби өмірдің түрлі
жақтарына басшылық ете алатын арнайы оқу орындарын құру керек.
Қырғыздар (қазақтар. – Г.О.) үшін үшінші сатылы орта мектептер санын барынша көбейту
қажет. Ташкент университетінің барлық факультеттерінің есігі қырғыз (қазақ. – Г.О.)
балалары үшін айқара ашылуға тиіс» [6, 143 п., 150 арт.п.].
Қазақ қайраткерлерінің бірқатар көрнекті өкілдерінің ұсынысы бойынша сиезге
қатысушылар талқыланушы мәселелер жөнінде кезек күттірмес іс-шаралар тізімін дайындады.
Мұнда келесі мәселелер атап көрсетілді:
«... 5) Қырғыз (қазақ. – Г.О.) тілінде оқулықтар құрастыру мен жеткілікті санын баспадан
шығару тез арада қолға алу, бұл жұмысты басқаруға ерекше оқу комиссиясын бекіту;
6) Жұмыс істеп тұрған және ашылуға тиіс мектеппен олардың интернаттарын қажетті азық-
түлік және киім-кешек заттарымен қамтамасыз ету;
7) Ташкент университетінің жұмысшы және басқа да факультеттерінде қырғыз (қазақ. –
Г.О.) балаларына Түркістан Республикасы халқының арақатынасына тең үлесте бос орындар
ұсыну;
Қырғыз (қазақ. – Г.О.) балаларының университетке оқуға түсуін олардың партияға
қатыстылығына тәуелді етпеу...
9) Қырғыз (қазақ. – Г.О.) тілінде шығарылатын газет санын ұлғайту, оларды күнделікті,
шығатын дәрежеге жеткізу, қырғыз (қазақ. – Г.О.) тілінде журналдар шығару» [6, 143 п., 150
арт.п.].
Сиезд жұмысы аяқталған соң оған қатысушылар қабылданған шешімдерді іске асыруға
кірісті.
Атап айтсақ, 1921 жылы 6 наурызда Түркістан Орталық Атқару Комитеті жанындағы Қазақ
бөліміндегі мәжілісте (оған Асфендиаров, Тоқтыбаев, Алманов, Будаилов, Күлетов,
Досмұхамедов және т.б. қатысты) қаулы қабылданды. Онда былай деп атап өтілді: «Түркістан
кедейлері өлкелік сиезінің қаулысын іске асыру мақсатында Халық ағарту комиссариатына
ұсынылсын: тез арада және 1921 жылғы күзгі оқу сабақтары басталуынан ешбір кешіктірмей
әрбір қырғыз (қазақ. – Г.О.) болысында кем дегенде интернаты бар бірінші сатылы бір мектеп
ашылсын, мектеп ғимаратын салу мен барлық қажетті заттарды дайындауға қазірден бастап
кірісілсін. Қырғыз(қазақ. – Г.О.) тіліндегі оқулықтар жағдайын жауынгерлік тапсырма ретінде
71
Vol. 5, No. 11 pa 2 – Special Issue (EJSSPC)
ISSN: 2181-2888
MINWHPS
In e na ional Scien i ic-P ac ice Con e ence on
“Mode n In e p e a ion o Na ional and Wo ld
His o y: P oblems and Solu ions”
Denau, No embe 17, 2025
in-academy.uz/index.php/ejsspc
тани отырып, қырғыз (қазақ. – Г.О.) тілінде оқу құралдарын дайындау үшін ең шешімді
шаралар қолданылсын. Бұл үшін қырғыз (қазақ. – Г.О.) тілінде «Шолпан» журналын
шығаруды қарастырып отырған шаруашылық бөлімді «Ақ жол» қырғыз (қазақ. – Г.О.)
газетінің шаруашылық аппаратымен біріктірілсін» [7, 143 б.].
Отандық тарих пен этнография мектебінің қалыптасуына Түркістан өлкесінде шыққан
қазақ ұлттық мерзімдік басылымдардың да қосқан үлесі айтарлықтай.
Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар, халықтың саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени
және эстетикалық ой-пікірін оятуға септігін тигізген қазақ баспасөзінің тұңғышы - «Түркістан
уалаятының газеті».
«Түркістан уалаятының газеті» ең алғаш «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша
ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастаған. Бұл газет жалпы Орта Азия
халықтарының тұңғыш баспасөзі болып саналады. Алғашқыда ол айына төрт рет, оның екі
саны өзбекше және екі саны қазақша шыққан. «Туркестанские ведомости» газетінен бөлініп
қазақша, өзбекша шыққан «Түркістан уалаятының газетінің» бетінде қазақ елінің тұрмысы,
тарихы туралы мағұлматтар көп басылған, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол кездегі
тіршілігіне қатысты тақырып кеңіріек орын алған [8, 9 б.].
Газеттің редакторы Ш.М. Ибрагимов кейінірек Х. Чанышев редакциялады. Бұл екуі де
алғашқы да генерал-губернаторлықта тілмаш болып, кейінірек газеттің жергілікті әкімшілік
өкімдерін аударумен айналысты.
Шартты басылымның негізгі патша әкімшілігінің әр түрлі өкімдері мен нұсқауларын тарату
болды. Сонымен бірге, өлкенің әр түрлі жерлеріне сипаттама берілді. Саяхаттар, егінннің
шығымы, ауыл шаруашылығының жай-күйі, мал аурулары, эрозия, су пайдалану туралы
жекелеген мәліметтер айтылды. Газет беттерінде кеніштердің ашылуы, өңдеуші өнеркәсіптің
жай-күйі, телеграф жүргізу, әйел мәселесі және этнография жөніндегі әр түрлі мәліметтер
көрініп отырды [9, 565 б.].
Газеттің бас редакторы болып 1883 жылы Н.П. Остроумов, Н.Г. Малицкий болды.
Н.П. Остроумов Түркістан генерал - губернаторының канцеляриясына берген редакция
есебінде мына жағдайларды ескерілгендігін және баспадан шығарылғандығын айтап өтеді: 1.
Ресей патшалығы мен оның өмірбаяндарының қысқаша тарихы; 2. Түркістан генерал-
губернаторының жергілікті әкімшілікке байланысты шығарған өкімдері мен нұсқаулары; 3.
Жергілікті халыққа қатысты Сырдария облысының әскери губернаторының бұрық, өкім мен
нұсқауларын хабарландыру; 4. Жоғарғы әкімшіліктің жаңа өкімдерінен түсініктеме; 5. Тарихи
және этнографиялық мақалалармен бірге, жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрі, ғылым, білім, өнер, сауда т.б. 6. Өлкедегі кейбір маңызды оқиғаларды; 7. Жергілікті
почтаның хабарландыруларын; 8. Газет редакциясының жарнамалары мен кейбір өлке
мекемелерінің өкіметтік хабарландырулары; туралы мәлімет берілгендігі айтылады. Мұнымен
қатар әр уақытта кеткен шығын мен оларды қайда жұмсап жатқандығы туралы да мәлімет
беріп отырған [10, 16-17 пп.].
1883 жылы Түркістан генерал-губернаторының бұйырығы бойынша газетті қазақ тілінде
шығару тоқтатылып, аптасына бір рет шығатын өзбек газетіне айналдырды. Біраз уақыттан
кейін, 1885 жылдан бастап газет өзбек және орыс тілдерінде шықты. Жалпы газет 47 жыл
бойы, 1918 жылға дейін шығып тұрған. [8, 9 б.].
1916 жылы Ташкентке Көлбай Төгісов келіп, 26 қарашадан бастап «Туркестанский курьер»
баспаханасынан Мәриям Төгісовамен бірлесіп «Алаш» газетін аптасына бір рет шығара
72
Vol. 5, No. 11 pa 2 – Special Issue (EJSSPC)
ISSN: 2181-2888
MINWHPS
In e na ional Scien i ic-P ac ice Con e ence on
“Mode n In e p e a ion o Na ional and Wo ld
His o y: P oblems and Solu ions”
Denau, No embe 17, 2025
in-academy.uz/index.php/ejsspc
бастады. Патша үкіметі «Алаш газетінің» шығуына бірден көңіл аударып, оның қандай мақсат
ұстанғандығын анықтауды Түркістан өлкелік қорғау бөлімінің бастығына жүктеген. Газетке
жан-жақты талдау жасалып, оның мақсаты туралы Түркістан генерал-губернаторына арнайы
хат түскен. Хатта сол жылдың 16 шілдесінде Сырдария облысының әскери губернаторының
Мәриям Төғісоваға Түркістан өлкесінде қазақ тіліндегі бірінші бейресми «Алаш» газетін
шығаруға № 21329 куәлік берілгендігі айтылады. [11, 15 б.].
Төгісовтың айтуынша Түркістан қазақтарын білімге шақырған, қазақ халқының ұлттық
мәдени дамуын көздеген газет жарыққа келді. Газетте қазақ халқы үшін өткір әрі ауыр
проблеманың бірі отырықшылдыққа көшіру, одан кейін халық ағарту ісі, әскери жағдай, жер
мәселесі, Думадағы өкілдік, сот мәселесі, әйел теңдігі, экономикалық жағдайлар ерекше
көрсетілген. Газеттің шығуына қазақ қыз-келіншектері де атсалысқан. Мұны олардың
мақалаларынан - «Келіңдер, апалар, кішкене сіңлілер, Алашқа сөз жазып, мұңдарымызды
сөйлесейік, бізде адам екенімізді білдірейік» - деп қазақ қыздарын газетке ат салысып,
араласып тұруға шақырғандығы дәлелдейді. Түркістан өлкесінің барлық оқыған саналы қазақ
азаматтары газетке мақала ғана жазып қоймай сонымен қатар, газетті кеңінен таратуға, мәдени
ағарту ісін және барлық қазақтардың бірігу қажетігін де насихаттаған. Алаш 1917 жылдың
екінші жартысынан бастап тоқтатылды.
1917 жылы Ташкентте «Бірлік туы» газеті жарық көрді. Осы жылдың тамыз айында
исламның және Түркістан жадидизмнің ықпалындағы Сырдария қазақтары мен Ташкентте
аймақтық конференция өткізіп, ұлттық автономия жобасын жасады. Конференция
делегаттары апталық «Бірілік туы» газетін шығаруға шешім қабылдады. Бұл газет сол кездегі
өзге қазақ газеттеріне қарағанда ислам дінін көбірек уағыздады. Айта кететін жай, газет
«Құрама газеті» деп аталады. Себебі, ол өлкенің көпшілік халқына түсінікті өзбек және қазақ
тілінде жазылды [12, 57 б.]
Ташкенте шығатын «Ақ жол» газеті редакторларының бірі Н. Төреқұлов болды. Осы
газеттің редакциясында Ж. Аймауытов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов жұмыс істеді. Газет
беттерінде олар қазақ тілін, халық мәдениетін сақтау мен дамыту туралы мақалалар жазды,
оқырмандарды талантты қазақ және ортаазиялық ақын-жазушылардың туындыларымен
таныстырды.
«Ақ жол» газеті Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерді сыни тұрғыдан талдап
отыруды өз міндеті деп түсінген бұл басылым сол тұстағы түркістандық кеңістіктегі жалғыз
оппазициялық мазмұндағы басылым еді. 1925 жылға дейінгі аралықта бұл газеттің төңірегіне
алаштық, ұлт-азаттық рухтағы интеллигенцияның шоғырлануы оның сыни бағытын күшейте
түскен болатын.
М. Тынышбаев, Х. Досмухамедовтің ерекше ынтызарлығы, көп күш жұмсауының
арқасында шыққан " Сана " атты ғылыми - көпшілік, әдеби - көркем, тарихи - этнографиялық,
қоғамдық - саяси, яғни «....аңсаған елге алақтаған мұғалімдерге, жас өспірім шәкірттерге»
көмек бола алатын журналға автор ретінде өзіндік үлес қосады. Журналдың алғашқы саны
1923 жылы жарық көрді. Онда "Сананың" бағдарламасы жарияланады. Оны педагогикалық
құрал ретінде де және ғылыми журнал ретінде де сипаттауға болатындығы осы
бағдарламасынан көрінеді. Мәселен журнал, «1) Математика (арфиметика алгебра,
геометирия, тригонометрия); 2) астрономия; 3) жаратылыстану тарихы (зоология, ботаника,
геология, минерология, топырақ тану); 4) гигена және медицина; 5) ветеринария; 6) мәдениет
тарихы, этнография, археология; 7) қырғыздардың (қазақтардың) және түркі-монғолдардың
тарихы; 8) география 9) отан тану (Қазақстан, Түркістан); 10) статистика; 11) халық әдебиеті;

73
Vol. 5, No. 11 pa 2 – Special Issue (EJSSPC)
ISSN: 2181-2888
MINWHPS
In e na ional Scien i ic-P ac ice Con e ence on
“Mode n In e p e a ion o Na ional and Wo ld
His o y: P oblems and Solu ions”
Denau, No embe 17, 2025
in-academy.uz/index.php/ejsspc
12) көркем әдебиет;13) ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, терминология; 14) театр, музыка, ән-
күй; 15) қырғыз (қазақ) ойын-сауықтары; 16) мектеп ісі (тарихы бағдарламасы, жоспар жасау,
статистика т.б; 17) педагогика; 18) баспа ісі, Типо-лито-графия (терушілер, корректорлар); 19)
рефераттар және рецензиялар; 20) хроника (мектеп өмірнің маңызды хабарлары, Халық ағарту
коиссариатының, Ғылыми Кеңестің, Қырғыз Білім Комиссиясының, Қазақ Халық Ағарту
институтының қызметі туралы жаңалықтары; 21) қырғыз тілінде және қырғыздарға
(қазақтарға) қатысты басқа тілде шыққан кітаптардың тізімі және т.б көптеген мәселелерді
қамтыды. [13, 54 б.].
Бұл газет –журналдардың республикаға таралуы және жастарды баспасөз материалдармен
таныстыру мәселесі де қаралып отырғанын №1123 ғылыми Кеңестің 24 мамыр күні
отырысында Мемлекетік баспадан Сана журналының 50 данасын босатуыңызды сұранамын,
Инпрос тыңдаушылары жазғы каникулға кетуіне байланысты солар арқылы республика
тұрғындарына таратылуы қажет деген мәлімдемелерден біз газет- журналға деген сұраныстың
болғандығы байқаймыз.
Осы тұстағы қазақ жастарының баспасөз тарихына келетін болсақ, жалпы баспасөздің
тарихы Түркістан жерінен басталды. Солардың бірі Ташкентте шыққан жастар журналы
"Кедей айнасы." Бұл Ленин атындағы Орта Азия Коммунистік Университетінің қазақ
студенттерінің жылдық журналы еді. «Кедей айнасында» жастар арасындағы саяси жұмыстар
Орта Азия университетінің тіршілік тынысы, оқытушылар мен студент өмірі көп сөз болатын,
сонымен қатар әдебиет бөлімінде әңгімелер, жаңа жиналған мақал-мәтелдер берілетін. 1929
жылы қаржы тапшылығына байланысты журнал жабылған болатын. Журналдың бары-жоғы
бес нөмері ғана шыққан.
Оқу-ағарту ісінің табысты жүргізілуі баспа ісінің жолға қойылуымен тікелей байланысты
болатын, сондықтан да Қазақ бөлімі бұл ағайындас екі саланы да қатар дамытуға тырысты.
1922 жылы 27 наурызда Қазақ бөлімінің Мемлекеттік баспа, Қазақ ғылыми комиссиясы,
Халық ағарту комиссариаты және Ғылыми Кеңес өкілдерімен өткізген кеңейтілген
мәжілісінде қазақ баспасөзін дамыту мәселелері кең тұрғыда талданады. Мәжілісте Қазақ
ғылыми комиссиясының қазақ баспасөзінің жағдайы туралы баяндамасы тыңдалады. Аса
қиын ахуалдағы қазақ баспасөзінің жалпы жағдайын айтпағанда, қаржы мен техникалық
құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі себепті Қазақ ғылыми комиссиясы даярлап үлгерген
материалдардың көп бөлігі жарық көрмей жатқан еді. Қазақ бөлімі Түркістан экономикалық
кеңесінен қазақ баспасөзіне қатысты Түркістан Республикасының Мемлекеттік баспасы
даярлаған іс-жоспарларды іске асыру үшін шұғыл түрде қаржылай көмек берулерін сұрайды,
ал Түркістан Республикасының Халық ағарту комиссариатынан Қазақ ғылыми
комиссиясының барлық ескі қарыздарын өтеп, комиссияны қаржымен жеткілікті қамтамасыз
етуді өтінеді. Республиканың Ғылыми кеңесіне қазақ ғылыми комиссиясын басқа барлық
қосымша істерден босатып, оның жұмысын жандандыру үшін ерекше техникалық аппарат
құру қажеттігі туралы өтініш хат жолданады. Түркістан республикасының мемлекеттік
баспасынан қаламақы туралы қаулыны қайта қарап, қазақ авторларына өз еңбектерін баспаға
даярлап өткізген сәтте 50 пайыз, ал еңбек басылып шыққан соң көпке созбай 50 пайыз
қаламақы төлеуді реттеуді, Қазақ ғылыми комиссиясы даярлаған барлық еңбектерді тез әрі
толық бастырып шығаруды жолға қоюды сұрайды.
1923 жылға қарай ұлттық оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру
және жергілікті халықтың ағарту ісін дамыту мақсатында Т. Рысқұловтың бастамасымен
«ТАССР-інде халық ағарту ісіне ықпал етуші өлкелік бюро» құрылды. 1923 жылы 9
74
Vol. 5, No. 11 pa 2 – Special Issue (EJSSPC)
ISSN: 2181-2888
MINWHPS
In e na ional Scien i ic-P ac ice Con e ence on
“Mode n In e p e a ion o Na ional and Wo ld
His o y: P oblems and Solu ions”
Denau, No embe 17, 2025
in-academy.uz/index.php/ejsspc
желтоқсанда Ташкентте өткен осы бюро төралқасының мәжілісінде «Мәдени кеңес туралы
ереже» бекітілді.
Халық ағарту ісіне ықпал етуші өлкелік бюро жанындағы Мәдени кеңеске Түркістан
қазақтары атынан Б. Аралбаев, Д. Ысқақов және Х. Досмұхамедовтер кірді [4, 62-63 бб.]. Бұл
кеңес зерттелінуші жылдары зор жасампаз қызмет көрсететін, едәуір шамада аймақтағы
жергілікті халықтың білім саласын арттыруға, мәдени ағартуға үлес қосты.
1924 жылы қаңтарда Ташкентте Түркістан кеңестерінің ХІІ сиезі болып өтті. Мұнда Халық
ағарту комиссарының баяндамасы тыңдалды. Ташкент қаласындағы қазақ зиялы қауымының
көптеген көрнекті өкілдері белсене қатысуымен дайындалған бұл баяндамада Түркістанның
жергілікті халқының (оның ішінде, қазақтардың) білім, ағарту және мәдени өмірі саласындағы
маңызды мәселелердің шешімін табуға ерекше көңіл бөлінді.
Осы сиезде Түркістан халқы атынан сөйлеген депутаттар кеңес өкіметі жариялаған негізгі
қағидаларға жүгіне отырып, білім және мәдени саясатты іске асыру барысында «өткен
дәуірдегі отаршылдық қалдықтарын» тезірек жоюды талап етті.
Әрмен қарайғы оқиғалар көрсеткендей, кейбір талаптардың іске асуына кеңестік
бюрократтық аппараттың жасырын және айқын қарсылығы кедергі жасады. Солай бола тұрса
да, Ташкенттегі қазақ интеллектуалдары мен саяси қайраткерлерінің күш-жігерімен Түркістан
халықтарының рухани және ұлттық құндылықтарын сақтау мен дамыту үшін күрес жалғаса
түсті.
Әдебиеттер тізімі:
1 Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образования в Туркестане (1865 – 1924 гг.).
– М.: Академия педагогических наук РСФСР, 1960. – 510 с.
2 ӨРОММ. - 1630-қ., 1-т., 1-іс, 17 п.
3 ӨРОММ. - 34-қ., 1-т., 97-іс, 4-п., 14 п.
4 Тилеукулов Г., Тилеукулова Г. Из истории Казахского педагогического института в
Ташкенте. – Алматы, 2005. – 121 с.
5 ӨРОММ. - 372- қ., 1-т., 60-іс, 5-6 пп.
6 ӨРОММ. - 17-қ., 1-т., 273-іс, 143- арт.п., 150 п.
7 Первый казахский институт в Ташкенте (сб. документов и материалов). – Ташкент, 2005.
-159 с.
8 Түркістан уалаятының газеті /Құраст. Ү.Х. Субханбердина., П.Т. Әуесбаева. –Алматы:
Ғылым, 2003. – 602 б.
9 Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). – Алматы: Атамұра, 2002. – Т.3. - 766 б.
10 ӨРОММ. – 1 қ., 1-т., 1132- іс, 16-17 пп.
11 Төгісов К. Шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 256 б.
12 Қожакеев Т. Жыл құстары – Алма -Ата, 1991. - Б. 57
13 Қазақ тарихы. - 1999.- № 4-5. – 54 б.