scieee AI-readable full text Open interactive document viewer

ҚАРАҚАЛПАҚ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДА ЕЛДІК МӘСЕЛЕЛЕР

Торткүлбаева Тұрсынай Абдгазиевна

Full text

56 ҚАРАҚАЛПАҚ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДА ЕЛДІК МӘСЕЛЕЛЕР Торткүлбаева Тұрсынай Абдгазиевна PhD, доцент. Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты DOI: https://doi.org/10.5281/zenodo.17268153 Аннотация. Мақалада қарақалпақ аймағына қоныс аударған қазақ ақын-жыраулар шығармашылығы, толғаулары мен термелері, эпикалық туындыларында ата қонысы, туған жеріне деген сағынышы, көрген қиын-қыстау тағдыры сөз болады. Тірек сөздер: ақын-жыраулар, елдік мәселе, шығармашылық, жыр, сөз өнері Abstract. The article discusses the works, reflections and terme, epic works of Kazakh poets and zhyraus who migrated to the Karakalpak region, their longing for their ancestral land, homeland, and the hardships they endured. Key words: poets and zhyraus, national issues, creativity, zhyr, verbal art Аннотация. В статье рассматриваются произведения казахских поэтов и жырау, переселившихся в каракалпакский регион, их толгау и терме, а также их эпические произведения о родной земле, тоске по родной земле и трудностях, которые они пережили. Ключевые слова: поэты и жырау, национальный вопрос, творчество, поэзия, словесное искусство Қазақтың шын мәніндегі авторлы әдебиеті − жыраулар мен төкпе ақындар шығармашылығының өркендеуі негізінде қалыптасты. Халқымыздың даналығы мен саналылығының айқын көрінісінің бірі оның бай ауыз әдебиеті десек, оның туғызушысы да, кейінгі ұрпаққа аман табыстаушысы да жыраулар мен ақындар екені аян. Бесқала ақын-жыраулары деп аталып жүрген сөз шеберлері ел-жұртымен бірге өмір сүріп, олардың басына түскен қиыншылықтарға ортақтасып өмір сүрген мезгілі мен мекеніне лайықты әдеби мұра жасап, толғауларымен, термелерімен, айтыстарымен, тарихи шежірелерімен, эпикалық туындыларымен танылған шығармашылық тұлғалардың бәрі фольклордан нәр алғандар еді, әрі сөз өнерінің ілкі авторларына, ақындыққа жол ашқан асыл сөз шеберлері еді. Әрбір азамат туған елден алыстап кеткен сайын туған елінің сөзі, жыры, әні, үні, қадірі арта түседі. Көкіректе ата жұртқа деген сағыныш сазы бара-бара ұлғаяды. Туған ел әнінің мақамдық сазы ой-сананы оятады. Ата мекенге ат басын тірегенше, ата жұртқа оралу идеясы жүректің қақ ортасында өртеніп, жалыны биіктеп жата береді. Сондай отаншылдықты Бесқала аймағында жасаған ақындарынан да көреміз. 57 Ақпан жырау Әйітбекұлы (1837-1874). Ол «жыраулық дәстүрді ұстанған» [3, 16 б.] ақын. Оның санаулы өлеңдері ғана бізге жетіп келген. Бірі − Ақ патшаның отарлық қысымын көрсететін және әшкерелейтін өлеңі. «Қоныстан ел көшкесін, мына адыра қалғыр үш Ақай, үстінен ел кеткесін, қалғанын қара қуарып» [4, 26 б.]. Халықтық «Жерге бақыттың қонғаны, үстіне елдің көшіп жеткені, жерден бақыттың тайғаны, қаптап елдің қашқаны» - деген сөзі бар. Ақпан жырау сөзі халық сөзімен үндеседі. Ақпанның ақындық сөзі тарихтың қаралы беттерінен сыр шертеді. Әсіресе, «Бесшоқы мен Балташта «Кешегі өткен заманда, орыстан халық аманда, ертеңгісін кешкісін, домбыра тартқан жер еді - ау, бозбала басын құралтып, арулар өскен жер еді − ау, ақша қудай сылантып, тал шыбықтай бұралтып, сөйтіп өскен жерлерден» . . . [4, 26 б.] көшу, қонысты тастап кету оңай да емес. Туған елмен, жермен қоштасу дәстүрін жалғастырып былай дейді` Орыстан қысым көрген соң, Үдере көшіп барамын, Ауыздықпен атты суарып, Айналайын ұлы Құм, Тізеден еді-ау құдығың. Шуылың шет, қырың тал, Жаз ортасы болғанда, Сусылдап тұр-ау шыбығың, Ішкендей судың тұнығын, Біразда естен кетерме, Ұлы Құм сенің қылығың, Асу-асу белдерім, Орыстан қысым көрген соң, Аса көшті елдерім, Қайта айналып келгенше, Сіздерді есен көргенше, Қош аман бол жерлерім [4, Б.26-27]. Ақпан жырау, Жақсылық Мамытұлы шығармашылығындағы елді аңсау, қадірлеу пікірімен түбегейлі орныққан болатын. Жақсылықтың сұлу әндері көпті еліктіріп, тал жібектей жүрекке жылы тиіп, жағымды есітілетін. Әнсүйер қауым әнші алдында тұщынып отыратын. Бір бәйтерек аспанменен таласқан, Қор болмайды жақсыменен жанасқан, Қанатымен су себелеп, су сабап, Біз балапан ұясынан адасқан [2, 84 б]. 58 Отарлау қысымымен туған мекенін, хандардың шапқыншылық зорлығымен жерін тастап, басқа орынға бас алып көшкендерін есіне алатын. Еңсесіне мың батпан жүк түскен ауыр денесімен, бір-біріне шаршаңқы көзбен, жүзбен қарайтын. «Біз балапан ұясынан адасқан» − деп мойындайтын. Ерқожа Құлпыбайұлының (1907-1981) репертуары әкесі Құлпыбайдан ауысқан. Мойнақ ауданы атырабына әйгілі болған. Ел қайғысын кім ашар, Жүз өкпесін тең басқан, Сөйлесе әділ хан ашар, Аққан сумен тең көріп. Сабырлық ерге жарасар, Ерлерді бекер демеңдер, Халық қамын жоқтаған, Жарқырайды көсемдер [3, 128 б.] – дегені бұрынғы жыраулық поэзия дәстүрі негізіндегі дәуір сөзін жеткізумен орайласқан. Қарақалпақ аймағы ақын-жырауларының ішінде өзіндік орны бар Қайролла Иманғалиев 1907 жылы Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, қазіргі Сарыалтын ұжымшары жерінде туған. Әкесі Жолдасбай 1919 жылы Қарақалпақстанға көшіп келіп, Қоңырат, Мойнақ ауданы атырабында жасаған. Қайролланың жыр-өлеңдері мен терме-толғауларын жазба ақындар шығармашылығы секілді тақырыпқа бөліп талдауға келмейді. Өйткені, мұндағы тақырыптар дені дәстүрлі. Қайролла «Ата қоныс» толғауында туған жері мен елін ардақ тұтқан, қадірленген көне көз қарт кісі болып сөйлейді. Қаумалаған көпке «көңіліңді жел сөзбен, азырақ аулап қарайын», − дейді. Мұндағы «жел сөз» − жеңіл мағыналы әзіл-қалжың емес, адамға қызу, жігер дарытатын, рух берерлік сөз. Сол сөз арқылы ата қонысымызды дәріптеп бастайды: Келешегін болжаған, Асан қайғы Қазтуған. Қарияның бірі екен, Әму мен Сырдың арасы, Өзбек, қалпақ, тәжіктің. Отырықшы жері екен, Азияға тең ортақ. Арал деген теңізің, Шалқып жатқан көл екен ... Жаңбырлы болса жер көктер, Баталы болса ел көктер. Табиғаттың нұры екен ... Қарасам ата қонысқа, Асылдың шыққан сойы екен [4, Б.323-234]. 59 Қарақалпақ аймағында да танылған қазақ ақын-жыраулары шығармашылығында ата мекенін сағынышпен, аңсаумен жырға қосса, өздерін туған баласындай құшағын ашып қарсы алған Қарақалпақ жеріне деген құрметін де дәріптеп отырды. Қайролла шығармашылығында дәстүрлі ұластырып отырыпты. Ұлтының қамы елі мен жері үшін жауға шапқан, жұртын қорғаған батырларға деген ақын-жыршы ризашылығы шексіз көрінеді, елге қорған болар жасты тәрбиелеуге көңіл аударады. Сондықтан ақынның өлең толғауы қазіргі кезде де мәнді. Қайролланың «Жырау-шайырлар» өлеңі мазмұны мен түрі жағынан «Ерлерім өтті аңқыған» туындысымен үндес. Біріншіде батырларды дәріптесе, «Жырау-шайырларда» шешендігімен елді аузына қаратқан, сонау XV ғасыр перзенті Жиреншеден өзіне дейінгі жырауларды және өзінің де ақындық өнеріне баға береді. Ұйғарған бұзбай көптің ынтымағын, Сайратып Жиренше өтті тіл мен жағын ... Кетеде Тұрмағамбет, Балқы Базар, Тыңдатқан тырп еткізбей қарамағын ... Қарасай, Кенелдік пен Тәжік, Мұса, Деп айтар: «Сарқылмаған судай ағын» ... Қалнияз, Құдайберген, Сәттіқұлдың, Артық дейді әркімдерден дүрлік жағын ... Айтқыштың бірі өзім солардан соң, Талаймен теңестірген ат құлағын [4, 322 б.]. Ақын өлеңдері арқылы өткенді білу, өткенді қадірлеу мен одан үйрену. Ақын соны насихаттайды. Сонымен бірге, ілгеріде өткен ақын бағасын біліп бағалау, сөз өнерінің өтімділігін тану, оның әділ бағасын беруден де өзі қашық емес. Туған жерде жасап, елдің, жердің махаббатын сезініп жүріп, шығармашылықпен айналысқан сөз шеберлері мен өзге елде жасап, ата қонысының топырағын табанымен сезінуді аңсап жазылған шығармашылықтың жөні бөлек. Сондықтан Қарақалпақ аймағында тағдырдың айдауымен көшіп келіп, сол жер мәңгілік мекеніне айналған ақын-жыраулар шығармашылығында өмірлік аңсау, сарылу сазы бар. Сол үшін де Қарақалпақ аймағы қазақ ақын-жыраулар шығармашылығында өз туған жерінен алыстап, оған деген сағынышын жырға қосумен бірге, өзге жерде өмір сүрсе де қазақтың сөз өнеріне, әдебиетіне деген 60 адалдығын, оны сақтап қалып, насихаттау үшін де көп еңбектенді. Сондықтан, тағдыр тәлкегімен өз ата жұртынан ұзақта өмір сүрген қазақ ұлты өкілдерінің шығармалылық әлемінде туған тілге деген құрмет, оны сақтап ұрпақтанұрпаққа саф күйінде жеткізу сияқты үлкен міндет пен парыз бары сезіледі. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Мағауин М. Ғасырлар бедері. −Алматы; Жазушы, 1991, −432 б. 2.Н.Дауқараев атындағы тарих, тіл және әдебиет институтының қолжазба қоры. Р-121, инв. 4627. 2. Н.Дауқараев атындағы тарих, тіл және әдебиет институтының қолжазба қоры. Р-49, инв. 36547. 3. Жұмажанов Қ, Торткулбаева Т. Қарақалпақстандағы қазақ ақын-жырауларының мұрасы. Дәстүр, 2017