scieee AI-readable full text Open interactive document viewer

ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ҮЙРЕТУ: SOFT SKILLS ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІТ ШЕШІМДЕРІ

Оданова Сағира Амангелді қызы; Молдабаева Карлығаш Ерғазы қызы

Full text

527 ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ҮЙРЕТУ: SOFT SKILLS ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІТ ШЕШІМДЕРІ Оданова Сағира Амангелді қызы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан, Алматы қ., ORCID: 0000-0003-2939-7198, Е-mail: [email protected] Молдабаева Карлығаш Ерғазы қызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, философия докторы (PhD), Қазақстан, Алматы қ., ORCID: 0000-0002-6785-7848, Е-mail: [email protected] DOI: https://doi.org/10.5281/zenodo.17272355 Аңдатпа. Мақалада Қазақстандағы тілдік білім беруге жасанды интеллект технологияларын енгізу қарастырылады, ерекше назар қазақ тілін оқыту мен ілгерілету мәселесіне аударылады. Зерттеуде Duolingo, Til-Qazyna, ISSAI KAZ-LLM сияқты жаһандық және ұлттық бастамалар талдана отырып, интеллектуалды жүйелердің көптілді оқытуға қалай ықпал ететіні көрсетіледі. Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу цифрлық платформаларға, білім беру құралдарына және мемлекеттік құжаттарға жасалған сапалық контент-талдау негізінде жүргізілді. Нәтижелер жасанды интеллекттің жекелендірілген оқытуға, жедел кері байланыс беруге және дербес білім алуды қолдауға мүмкіндік беретінін көрсетті. Мақалада жасанды интеллектті стратегиялық тұрғыдан қолдану тіл саясатын нығайтуға, қазақ тілінің цифрлық кеңістікте орнығуына және студентке бағдарланған инновациялық педагогиканы дамытуға ықпал ететіні тұжырымдалады. Кілт сөздер: генеративті ЖИ, деңгейлеп оқыту, soft skills, цифрлық педагогика. Аннотация. В статье рассматривается внедрение технологий искусственного интеллекта в языковое образование Казахстана, с особым акцентом на обучение и продвижение казахского языка. В исследовании анализируются глобальные и национальные инициативы, такие как Duolingo, Til-Qazyna, ISSAI KAZ-LLM, демонстрируя, как интеллектуальные системы влияют на многоязычное обучение. С методологической точки зрения, исследование основано на качественном контент-анализе цифровых платформ, образовательных инструментов и государственных документов. Результаты показали, что искусственный интеллект предоставляет возможности для персонализированного обучения, оперативной обратной связи и поддержки автономного образовательного процесса. В статье делается вывод, что стратегическое использование искусственного интеллекта способствует укреплению языковой политики, закреплению казахского языка в 528 цифровом пространстве и развитию инновационной, ориентированной на студента педагогики. Ключевые слова: генеративный ИИ, обучение по уровням, soft skills, цифровая педагогика. Abstract. In the article, the introduction of artificial intelligence technologies into language education in Kazakhstan is considered, with a special focus on teaching and promoting the Kazakh language. The study analyzes global and national initiatives such as Duolingo, Til-Qazyna, ISSAI KAZ-LLM, showing how intelligent systems contribute to multilingual learning. Methodologically, the research was conducted based on qualitative content analysis of digital platforms, educational tools, and government documents. The results demonstrated that artificial intelligence enables personalized learning, swift feedback, and supports self-directed education. The article concludes that the strategic use of artificial intelligence promotes strengthening language policy, establishing the Kazakh language in the digital sphere, and developing studentcentered innovative pedagogy. Keywords: generative AI, level-based Kazakh language teaching, soft skills, digital pedagogy. Кіріспе. Қазіргі таңда жасанды интеллект (ЖИ) білім беру жүйесіне қарқынды ықпал етіп, оның көптеген қырларын түбегейлі өзгертуде. Әсіресе тіл үйрету саласында Duolingo, Rosetta Stone, Babbel, Busuu, HelloTalk, Speakly, Lingvist сияқты заманауи ІТ-платформалар әлем тілдерін меңгеруде айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым дағдыларын дамытуда тиімді құрал ретінде кеңінен қолданылуда. Алайда қазақ тілінің өзіндік лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін ескеретін, арнайы бейімделген онлайн бағдарламалар әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты жаһандану жағдайында, қазақ тілінің ғылым, бизнес және техника салаларында қолданылу аясын кеңейту міндеті өзекті болып отыр. Мұндай жағдайда жасанды интеллект ұсынатын икемділік, инклюзивтік, дербестендірілген оқыту және қолжетімділік сияқты мүмкіндіктерді тиімді пайдалану – уақыт талабы. Сол себепті генеративті ЖИ-аватарларды қолданатын иммерсивті тіл үйрету қосымшаларын әзірлеп, оны оқыту тәжірибесіне енгізу қазақ тілін меңгертудің жаңа деңгейін қалыптастыруда ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 наурызда өткен ұлттық құрылтайда қазақ тілінің тұғырын күшейтудің басты жолы ретінде ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тілді табиғи түрде үйретудің маңызын айтты. Президент осы мақсатта «креативті индустрия» саласын дамытудың, қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді 529 және ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдаланудың қажеттілігін ерекше баса көрсетті (Тоқаев, 2024). Қазіргі заманауи қоғамның цифрлық трансформациясы тіл үйрету саласына да түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты жаңа буынға арналған әдістемелік платформаларда геймификация (gamification) элементтері, интерактивті мультимедиа, виртуалды және толықтырылған шындық (VR/AR) технологиялары, сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген бейімделетін оқыту жүйелері кеңінен қолданылып келеді. Бұл әдістер білім алушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуын арттырып, олардың тілдік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған. Әдістер. Зерттеу сапалық сипаттағы контент-талдау әдісіне негізделді. Алдымен халықаралық тіл үйрету платформалары – Duolingo, Rosetta Stone, Mondly және т.б. – іріктелді. Таңдау кезінде олардың кең қолданыста болуы, көптілді пайдаланушыларға қолжетімділігі және қазақ тіліне бейімдеу мүмкіндігі негізгі критерийлер ретінде алынды. Платформаларда сөйлеу, тыңдалым, жазылым және сөздік қорды дамытуға арналған құралдар құрылымдық және функционалдық тұрғыдан салыстырылды. Екінші кезеңде қазақстандық тілдік бастамалар зерттелді: Til-Qazyna ұлттық корпусы, ISSAI әзірлеген KAZ-LLM және KazMMLU тілдік үлгілері, сондай-ақ Qorgau құқықтық сауаттылық жүйесі. Деректер олардың ресми сипаттамалары, техникалық есептері және ашық қолжетімді дереккөздер негізінде жиналды. Талдауда интерфейс тілдік қолжетімділігі, функционалдық мүмкіндіктері, тілдік ресурстар көлемі және пайдаланушыға бағытталу деңгейі ескерілді. Үшінші кезеңде қазақстандық онлайн-білім беру мен цифрлық қосымшаларға қатысты қосымша мәліметтер (SK News, 2021 және басқа дереккөздер) қарастырылды. Бұл халықаралық және отандық тәжірибелерді салыстыруға мүмкіндік берді. Деректерді сараптау барысында екі негізгі критерий қолданылды: Тіл үйрету тиімділігі – дағдыға бағытталуы, жаттығулар сапасы, бейімделгіштік деңгейі; Тілдік саясат тұрғысынан әлеуеті – қазақ тілінің қолданысын кеңейту және көптілділікке қолдау. Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрлық технологияларды қазақ тілін үйрету үдерісіне интеграциялау қазіргі әдістемені 530 түбегейлі жаңғыртуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Халықаралық тәжірибеде дәлелденгендей, адаптивті оқыту жүйелері тіл үйренушінің деңгейіне, жеке қарқынына және когнитивті ерекшеліктеріне негізделген жеке білім траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, Hongliang Qiao және Aruna Zhao (2023) жүргізген зерттеуде Duolingo платформасын қолданған үйренушілердің сөйлеу дағдылары мен өзін-өзі реттеу қабілеттері 74%-ға артқаны анықталды. Сонымен қатар, Qin Lili (2024) деректеріне сүйенсек, ЖИ негізіндегі адаптивті жүйелер оқу материалын үйренушінің қажеттіліктеріне қарай бейімдеу арқылы 86%-ға дейінгі тиімділікке қол жеткізеді. Бұл деректер қазақ тілін үйрету тәжірибесінде де ЖИ құралдарын қолданудың өзектілігін дәлелдейді. Ұлттық деңгейде жасалған Til-Qazyna моделі қазақ тілін үйретуде жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жоба қазақ ұлттық корпусының деректеріне сүйене отырып, сөздік қорды автоматты түрде кеңейту, морфологиялық талдауды жеңілдету және сөйлеу үлгілерін генерациялау сияқты функцияларды орындайды. Мысалы, студент қазақ тілінде жазған мәтіндерінде жіберген қателерін автоматты түзету, грамматикалық ережелерді түсіндіру және сөйлемдерді қысқартып, қайта құру мүмкіндігі арқылы тілді меңгеру сапасын айтарлықтай жақсартады. Til-Qazyna платформасының функционалды мүмкіндіктері қазіргі уақытта A1–B1 деңгейлерін қамтиды, ал 2026 жылға қарай B2–C1 деңгейлерін қолдау жоспарланып отыр. Бұл қазақ тілін үйрену экожүйесінің кеңеюіне елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, ISSAI KAZ-LLM – көптілді тілдік модель, ол қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жұмыс істейді. Бұл жүйе қазақ тілінде автоматтандырылған мәтін генерациясы, сөйлеу тану және мағыналық талдау қызметтерін қамтамасыз етіп, студенттер мен оқытушыларға қосымша дидактикалық құрал ұсынады. KazMMLU жобасы қазақстандық контекстке бейімделген деректер жинағын әзірлеп, қазіргі тілдік модельдердің қазақша мен орысша нәтижелерде артта қалып отырғанын көрсетті. Ал Qorgau деректер жинағы көптілді модельдердің қауіпсіздігін бағалау арқылы, мәдени және тілдік сәйкестіктің маңызын дәлелдеді. Бұл төрт жоба қазақ тілін оқыту саласында ғылыми негізделген әдіснаманы қалыптастыруға ықпал етіп отыр. Сонымен бірге, зерттеу барысында қазіргі цифрлық экожүйенің шектеулілігі де анықталды. SK NEWS (2021) деректері бойынша, қазақ тілін 531 үйретуге бағытталған онлайн құралдар саны небәрі 11 екен. TilQural, Tilmedia, Abai.institute сияқты платформалар аудио-визуалды материалдар мен интерактивті тапсырмалар арқылы оқыту тәжірибесін жетілдіргенімен, қазіргі ақпараттық қоғам сұранысына толық жауап бере алмайды. Бұл жағдай жасанды интеллектке негізделген жаңа платформаларды әзірлеудің өзектілігін күшейтеді. Зерттеу нәтижелері ЖИ технологияларын қолданудың тек тілдік құзыреттілікті арттырумен шектелмейтінін көрсетті. ЖИ интеграциясы soft skills – икемді дағдыларды дамытуға да мүмкіндік береді. Интерактивті сценарийлер, виртуалды аватар-оқытушылар мен бейімделген тапсырмалар студенттердің сыни тұрғыдан ойлау, топта жұмыс істеу, коммуникация және эмоционалды интеллект дағдыларын қалыптастырады. Бұл тәсіл тіл үйренушіні тек академиялық біліммен ғана емес, сонымен қатар нақты өмірлік жағдайларда қазақ тілін еркін қолдануға бейімдейді. Жалпы алғанда, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қазақ тілін үйретуге енгізу дербестендірілген оқытуды қамтамасыз етіп қана қоймай, оқыту сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жетістіктер ұлттық тіл саясатын жүзеге асыруға, қазақ тілін жаһандық деңгейде танымал етуге және білім алушылардың заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері тіл үйрету саласында жасанды интеллект (AI) технологияларын енгізу тілдік білім берудің жаңа парадигмасын қалыптастыратынын көрсетті. Цифрлық трансформация жағдайында тіл меңгеру тек грамматикалық білім мен сөздік қорды игерумен шектелмей, soft skills – шығармашылық ойлау, сыни талдау, коммуникация және командада жұмыс жасау дағдыларын қатар дамытуды талап етеді. AI негізіндегі технологиялардың интеграциясы тілді үйрету процесін жекелендіріп, интерактивті және тиімді етуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында Duolingo, ISSAI KAZ-LLM, Til-Qazyna сияқты халықаралық және ұлттық платформалар талданып, қазақ тілін үйрету тәжірибесіне бейімдеу жолдары анықталды. Қорытындысында AI-ды тілдік білім беруде пайдаланудың үш негізгі бағыты айқындалды: Контентті автоматты генерациялау – білім алушының деңгейіне сай мәтіндер, диалогтар және тапсырмаларды жылдам құрастыру; 532 Интерактивті виртуалды орта – чат-боттар, сөйлесу симуляторлары және ойын элементтері арқылы тілдік тәжірибені кеңейту; Soft skills дамуы – тілдік жаттығуларды шығармашылық ойлау, проблеманы шешу және коммуникациямен ұштастыру. Әлемдік тәжірибе талдауы ағылшын, түрік, корей және қытай тілдерін үйретудегі AI құралдарының тиімділігін дәлелдейді. Осы үлгілерді ескере отырып, қазақ тілін үйретуде виртуалды ассистенттер, дауыстық чат-боттар және генеративті платформаларды қолданудың әлеуеті анықталды. Сонымен қатар, жасанды интеллект білім алушының оқу траекториясын даралап, қателерді автоматты талдап, кері байланысты жылдам беруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, AI қолданылған тілдік білім беру тек лексика мен грамматиканы меңгертудің құралы ғана емес. Ол білім алушылардың цифрлық сауаттылығын, бейімделу қабілетін, көптілді және көпмәдениетті құзыреттілігін қалыптастырады. Сонымен, тілді үйретудің жаңа моделі – бұл AI, цифрлық технологиялар және soft skills симбиозына негізделген интегративті тәсіл. Мұндай модель студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, олардың көптілді ортада еркін әрекет етуіне жағдай жасайды. Талқылау. Қазіргі ақпараттық қоғамда тіл үйрену парадигмасы түбегейлі өзгеріп келеді. Дәстүрлі оқыту құралдары мен әдістерінің орнына заманауи ITплатформалар, мобильді қосымшалар және жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген жүйелерге сұраныс артып отыр. Duolingo, Mondly, Busuu сияқты халықаралық қосымшалармен қатар, Қазақстанда Til-Qazyna, ISSAI KAZ-LLM, KazMMLU және Qorgau секілді ұлттық AI-жобалар белсенді дамуда. Бұл құралдар қазақ тілін оқытуда адаптивті оқыту, автоматты кері байланыс, сөйлеу тану технологиялары, интерактивті чат-боттар және транслингвалды модельдер арқылы жеке дара білім беруді қамтамасыз етеді. AI интеграцияланған платформалардың тиімділігі халықаралық зерттеулерде де дәлелденген. Мәселен, Til-Qazyna ұлттық корпус деректерін пайдалана отырып, қазақ тіліндегі сөздік қорды кеңейтуді, морфологиялық талдауды, сөйлеу үлгілерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Жүйе мәтін генерациясы, грамматикалық түзету, парафраздау және контекстік талдау сияқты мүмкіндіктерге ие. ISSAI KAZ-LLM көптілді үлкен тілдік модель ретінде қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жұмыс істей алады. Ал KazMMLU жобасы LLM-дардың сапасын бағалауға арналған ұлттық стандарт 533 қалыптастырып, көптілді модельдердің қазақ және орыс тілдеріндегі нәтижелерінің әлі де жетілдіруді қажет ететінін көрсетті. Qorgau жинағы болса, қазақ-орыс контекстіндегі LLM-дардың қауіпсіздігін талдап, тілдік жауаптардың мәдени сәйкестігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударады. Дегенмен, SK NEWS (2021) деректері бойынша, қазақ тілін үйретуге арналған қолжетімді онлайн құралдар саны небәрі 11 ғана екені анықталған. TilQural, Tilmedia, Abai.institute сияқты платформалар аудио-визуалды материалдар мен интерактивті тапсырмалар арқылы оқыту тәжірибесін ілгерілетсе де, қазіргі ақпараттық қоғам талаптарын толық қанағаттандырмайды. Termincom.kz, Emle.kz, Sozdikqor.kz, Qazlatyn.kz және Qujat.kz сияқты ресурстар лексикалық база, орфография және құжат айналымы саласында маңызды қызмет атқарғанымен, олардың функционалды мүмкіндіктері негізінен контент жеткізу үлгісімен шектелген. Бұл қазіргі экожүйенің әлі де жеткіліксіз екенін және ЖИ-ды кешенді енгізудің қажеттілігін дәлелдейді. Сонымен қатар, қазақ тілін үйретудің әдістемелік тұрғыдан жаңғыруы soft skills – икемді дағдыларды дамытумен тығыз байланысты. ЖИ негізіндегі оқыту платформалары дәстүрлі грамматикалық білім берумен қатар, тіл үйренушілердің сыни тұрғыдан ойлау, коммуникация, топта жұмыс істей білу, эмоционалды интеллект және өзгерістерге бейімделу қабілеттерін де қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, интерактивті сценарийлер мен виртуалды аватар-оқытушыларды қолдану арқылы студенттер тек тілдік құзыреттілікті меңгеріп қана қоймай, нақты өмірлік жағдайларға бейімделген тапсырмаларды орындайды. Бұл әдіс білім алушыларды академиялық деңгейде ғана емес, еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті етеді. ЖИ технологияларын қолдану қазақ тілін үйрету тәжірибесінде дербестендірілген оқытуға жаңа деңгей әкеледі. Адаптивті платформалар студенттің жеке ерекшеліктерін ескеріп, оқу материалының мазмұнын, күрделілік деңгейін және тапсырмаларды автоматты түрде бейімдейді. Нәтижесінде, әрбір үйренуші үшін жеке білім траекториясы қалыптасады, бұл тіл үйрену процесін жылдамдатып, тиімділігін арттырады. Осылайша, Til-Qazyna, ISSAI KAZ-LLM, KazMMLU және Qorgau сияқты ұлттық AI-жобалар қазақ тілін оқытудағы инновациялық тәсілдерге негіз қалап отыр. Алайда, цифрлық ресурстардың жеткіліксіздігі мен оқыту тәжірибесінің әлі де дәстүрлі әдістерге тәуелділігі бұл салада жаңа технологияларды кешенді 534 енгізудің өзектілігін күшейтеді. Демек, ЖИ мен цифрлық платформаларды тиімді пайдалану – қазақ тілін үйретудің сапасын арттырумен қатар, ұлттық тіл саясатының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің басты тетігі болып саналады. Қорытынды Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қазақ тілін үйрету саласына интеграциялау қажеттілігін және оның әлеуетін айқын көрсетті. Халықаралық тәжірибелер ЖИ-дың екінші тілдерді үйретудегі тиімділігін дәлелдесе, ұлттық бастамалар – Til-Qazyna, ISSAI KAZ-LLM, KazMMLU, Qorgau – осы мүмкіндіктерді Қазақстан контекстіне бейімдеп, ұлттық тілдік ерекшеліктерді ескеретін жүйелік шешімдер ұсынуда. Сонымен қатар, қолжетімді онлайн ресурстардың шектеулігі цифрлық экожүйені кеңейту қажеттігін көрсетеді. ЖИ технологияларын кешенді түрде енгізу қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми негізін күшейтіп қана қоймай, ұлттық тіл саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға да мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл тіл үйренушілерге тек тілдік құзыреттерді ғана емес, сонымен бірге қазіргі еңбек нарығы талап ететін soft skills дағдыларын жүйелі түрде игеруге жағдай жасайды. Әдебиеттер: 1. Tokayev, K.-J. (2024, March 15). Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі. Ақорда. https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-ulttykkuryltaydyn-adal-adam-adal-enbek-adal-tabys-atty-ushinshi-otyrysynda-soylegen-sozi-1525727 2. Kazakhstan launches AI model for language learning. (2025). The Astana Times. 3. KazMMLU: Evaluating language models on Kazakh, Russian, and regional knowledge of Kazakhstan. (2025). arXiv preprint arXiv:2502.12829. https://arxiv.org/abs/2502.12829 4. Qorgau: Evaluating LLM safety in Kazakh-Russian bilingual contexts. (2025). arXiv preprint arXiv:2502.13640. https://arxiv.org/abs/2502.13640 5. Tursynovna, N., Mukhanbekkyzy, L., Toiganvekova, S., Dosanov, I., & Sultanova, M. (2025). Modern methods of teaching Kazakh as a foreign language: Search, innovation, quality, result. Review of European Studies, 7(7), 347. https://doi.org/10.5539/res.v7n7p347 6. Қазақ тілін үйренуге арналған 11 онлайн құрал. (n.d.). SK News. https://sknews.kz/news/view/kazak-tilin-yyrenuge-arnalgan-11-onlayn-kyral