scieee AI-readable full text Open interactive document viewer

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ КӨРКЕМ МӘТІНДІ БЕЙІМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТІЛДІК, МАЗМҰНДЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕР

Г.Ш.Шахманова; Г.Ж.Искакова; Ә.Қ.Таңсықбай

Abstract

Мақалада қазақ тілін үйрету процесінде көркем мәтіндерді бейімдеудің теориялық және практикалық мәселелері жан-жақты қарастырылған. Көркем мәтін тіл үйренушілерге ұлттық мәдениет пен дүниетанымды танытудағы маңызды құрал болса да, оның күрделі құрылымы, архаикалық сөздер мен ұлттық-мәдени лексемалар оқытуда қиындықтар туғызады. Осыған орай, зерттеу барысында көркем мәтінді бейімдеудің тілдік, мазмұндық және мәдени аспектілері айқындалып, олардың әдістемелік ерекшеліктеріне талдау жасалған. Мақалада Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған үзінділер арқылы мәтінді жеңілдету мен түсіндірудің, яғни бейімдеудің жолдары нақты мысалдар арқылы ұсынылады. Жұмыс нәтижелері қазақ тілін оқытудағы инновациялық әдістердің тиімділігін арттыруға және оқу-әдістемелік құралдар мен цифрлық ресурстарды әзірлеуге негіз бола алады.

Full text

120 ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ КӚРКЕМ МӘТІНДІ БЕЙІМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТІЛДІК, МАЗМҰНДЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕР Г.Ш.Шахманова1, Г.Ж.Искакова*2, Ә.Қ.Таңсықбай3 1,2,3Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау университеті, Кӛкшетау қ.,020000 Қазақстан. E-mail: [email protected], [email protected], [email protected] Аңдатпа Мақалада қазақ тілін ҥйрету процесінде кӛркем мәтіндерді бейімдеудің теориялық және практикалық мәселелері жан-жақты қарастырылған. Кӛркем мәтін тіл ҥйренушілерге ҧлттық мәдениет пен дҥниетанымды танытудағы маңызды қҧрал болса да, оның кҥрделі қҧрылымы, архаикалық сӛздер мен ҧлттық-мәдени лексемалар оқытуда қиындықтар туғызады. Осыған орай, зерттеу барысында кӛркем мәтінді бейімдеудің тілдік, мазмҧндық және мәдени аспектілері айқындалып, олардың әдістемелік ерекшеліктеріне талдау жасалған. Мақалада Мҧхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған ҥзінділер арқылы мәтінді жеңілдету мен тҥсіндірудің, яғни бейімдеудің жолдары нақты мысалдар арқылы ҧсынылады. Жҧмыс нәтижелері қазақ тілін оқытудағы инновациялық әдістердің тиімділігін арттыруға және оқу-әдістемелік қҧралдар мен цифрлық ресурстарды әзірлеуге негіз бола алады. Кілт сӛздер: қазақ тілі, кӛркем мәтін, бейімдеу, лингвистикалық принцип, мазмҧндық принцип, мәдени аспект. Кіріспе Қазақ тілін ҥйрету ҥдерісінде кӛркем мәтіндерді пайдалану оқушылардың тілдік дағдыларын дамытып қана қоймай, ҧлттық мәдениет пен қҧндылықтарымызбен танысуға да кең мҥмкіндік береді. Дегенмен, тҥпнҧсқа мәтіндердің тілдік және мәдени кҥрделілігі, кҥрделі синтаксистік қҧрылымдар мен тілдік оралымдар, ҧзақ баяндаулары немесе кӛнерген сӛздердің молдығы білім алушыларға белгілі бір қиындықтар туғызатыны анық. Қазіргі таңда қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары қалыптасып, дәстҥрлі грамматикалық әдістердің орнын коммуникативтік, когнитивтік және цифрлық технологияларға негізделген заманауи тәсілдер алмастыруда. Осы тҧрғыдан кӛркем мәтіндерді тіл меңгерту процесінде оқыту материалы ретінде қолдану ӛзекті бағыттардың біріне айналып отыр. Себебі кӛркем мәтіндер тек тілдік білім беріп қана қоймай, тіл ҥйренушілерді қазақ халқының мәдениеті мен дҥниетанымдық ерекшеліктерін тануға жетелейді, тіл ҥйренушінің тілдік дағдыларды дамытады, сӛздік қорын байытады, коммуникативтік қҧзыреттілігін арттырады. Алайда кӛркем әдеби шығармалардың кҥрделі қҧрылымы мен ҧлттық лексемаларға бай мазмҧны тіл ҥйренушілердің оларды тікелей қабылдауына қиындық туғызатыны сӛзсіз. Осыған байланысты кӛркем мәтіндерді тілдік, 121 мазмҧндық және мәдени тҧрғыдан бейімдеу қазақ тілін ҥйрету әдістемесінің маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Негізгі бӛлім Ең алдымен мәтін ҧғымына тоқталып ӛтейік, қазақ тіл білімінде «мәтін» ҧғымының бірізді, дәл анықтамасы қалыптаспаған. Бҧл оның кҥрделі табиғатымен және басқа тілдік бірліктерден айырмашылығының айқын болуымен тҥсіндіріледі. Бірқатар ғалымдар мәтінді сӛйлемнің жалғасы немесе сӛйлемнен жоғары тҧрған қҧрылымдық тілдік бірлік ретінде қарастырса, енді бір зерттеулерде мәтін кҥрделі семантикалық, прагматикалық және мәдени ақпаратты жеткізетін тҧтас коммуникативтік жҥйе ретінде сипатталады. Отандық лингвистикада бҥгінгі таңда мәтін мәселесі кеңінен қарастырылып, әртҥрлі қырынан зерттеліп келеді. Мәселен, М.Серғалиев, Г.Смағҧлова, Б.Шалабай, С.Жусанбаева, Г.Кәріпжанова, Г.Әбікенова және басқа да ғалымдар ӛз еңбектерінде мәтінді кӛркем мәтін тҧрғысынан талдап, оның лингвистикалық табиғатын ашуға, кӛркем мәтін семантикасы мен мәтінтҥзім мәселелерін айқындауға ҥлес қосты. Зерттеулерде кӛркем мәтінді тілдік және стилистикалық тҧрғыдан талдау, оның мағыналық және қҧрылымдық ерекшеліктерін анықтау бағыттары басым болды. Профессор Ф.Ш. Оразбаеваның пікірінше, мәтін – адамдар арасындағы тілдік қатынастың жҥзеге асуына негіз болатын жҥйелі қатысымдық қҧрылым. Ол мәтінді тілдік нормаларға сай арнайы ӛңделіп, белгілі бір мақсатқа бағытталған тілдік әрекеттің нәтижесі [1]. Мәтін – коммуникативтік міндеттерді шешуде таптырмас қҧрал. Тіл ҥйренуші мәтіндегі тілдік қҧралдар арқылы тілді интуитивті меңгеруден бастап, саналы, дҧрыс, шебер қолдануға дейінгі жаңа бір деңгейге кӛтеріледі [2]. Қазіргі деңгейленген оқу саласы оқыту мен технологиялар тҧрғысынан айтарлықтай ілгерілеуді кӛрсетеді. Сандық платформалар тіл ҥйренушілердің жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқыту материалдарын бейімдеуге мҥмкіндік береді. Сонымен қатар қазіргі заманғы деңгейленген оқу бағдарламалары жиі мультимедиялық компоненттерді қамтиды, бҧл тіл ҥйреншілердің қызығушылығын арттырып, әртҥрлі оқу стильдеріне бейімделуге мҥмкіндік береді. Бҧл жетілдірулер алғашқы практиктер енгізген негізгі ҧғымдарға негізделе отырып, қазіргі тіл ҥйренушілердің ӛзгермелі талаптарын ескереді. Бҧл әдіс ағылшын тілін оқыту әдістемесінде ӛте кең қолданылады және ағылшын тілінде шығатын бірқатар классикалық әдеби шығармалар деңгей-деңгей бойынша бейімделеді. Алайда, қазақ тілі сияқты сӛйлеушісі аз тілдерде бҧл әдіс дамымай тҧр [3]. «Бейімделген мәтін» термині (лат. аdaptare – бейімделу): 1. Жас ерекшелігі, мамандығы және тілдік дайындығы бар белгілі бір оқырманға арналған жазба мәтін. 2. Оқушының тілдік қҧзіреттілік деңгейіне сай жеңілдетілген, оңайлатылған немесе қиындатылған мәтін [4]. Бейімдеу ҧғымы тіл ҥйрету әдістемесінде мәтіндерді оқушылардың деңгейіне, жас ерекшелігіне және оқу мақсатына сәйкес ӛңдеу ҥдерісі ретінде қарастырылады. Шетелдік тіл ҥйрету тәжірибесінде «graded readers» ҧғымы кеңінен таралған. Бейімделген мәтін 122 оқушыны тілдік ортаға біртіндеп енгізіп, тілдік және мәдени кедергілерді азайтады. Бейімделген кӛркем мәтін – тҥпнҧсқа мәтінінен алынған нҧсқа, оның тҥпнҧсқа мәтіннен бірнеше ҧқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Бейімделген кӛркем мәтін және тҥпнҧсқалық кӛркем мәтіннің ҧқсастығы, негізінен тақырыптың, сюжеттік негіздің, мазмҧнның бірлігімен анықталады, ал айырмашылықтары мәтін кӛлемі мен тілдік ресімдеу тәсілдеріне қатысты болады. Бейімделген кӛркем мәтін оқу процесінде ғана емес, басқа да әр тҥрлі мақсаттарға арналуы мҥмкін [5]. Бейімдеу – бҧл тілдік материалды қысқарту және жеңілдету ғана емес, сонымен бірге белгілі бір шартты ескеру, яғни кӛркем мәтіндегі ақпаратты тіл ҥйренушінің тілдік дағы мен білімімен салыстыру. Ғалым О.Н.Кулиева бейімделуге мынадай анықтама береді: «бҧл тҥпнҧсқа мәтінді ӛңдеу тәсілдерінің жиынтығы. Оның мақсаты – мәтіннің кӛлемін азайту және оның тілін білім алушының нақты мҥмкіндіктеріне, білім, білік, дағды деңгейіне жақындату» [6,185]. Әдіс-тәсілдер Зерттеу барысында мазмҧндық талдау, салыстырмалы талдау, лингвомәдени талдау, интерпретациялық және бейімдеу принциптерін қолдану әдістері пайдаланылды. Мазмҧндық талдау арқылы тҥпнҧсқа мәтіндегі негізгі ой айқындалып, бейімделген нҧсқамен салыстырылды. Салыстырмалы талдау мәтіндердің қҧрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін ашуға мҥмкіндік берсе, лингвомәдени талдау мәтінде кездесетін ҧлттық-мәдени реалийлердің сақталу деңгейін анықтады. Интерпретациялық әдіс астарлы ойлар мен метафоралардың мәнін ашуға бағытталды, ал бейімдеу принциптерін қолдану мәтіннің мазмҧндық, мәдени және эстетикалық тҧтастығын бағалауға негіз болды. Талдау мен нәтижелер Кӛркем мәтінді бейімдеу процесі ҥш негізгі аспектіні қамтиды: лингвистикалық, мазмұндық және мәдени. 1.Лингвистикалық (тілдік) бейімдеу принциптері – мәтіннің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктерін тіл ҥйренушінің деңгейіне сай жеңілдету ҥдерісі. Лингвистикалық бейімделу деп лексикалық алмастыру немесе грамматикалық трансформация арқылы мәтінді жеңілдету деп тҥсініледі. Мәселен, М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған ҥзінділерді В1 деңгейіне сай лингвитискалық принципке негіздеп бейімдейік: «Құнанбай өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы. Қара шаңырақ иесі. Қалың дәулер мен әмір, билік иесі. ...Жасқа да көп туысынан өзі үлкен. Сол себепті, үлкен әкесі Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма ауылдың мынандай топтарының ішінен бірде-бір жан әлі күнге Құнанбайдың алдынан көлденең шығып көрген емес. Тіпті, өкпеназы болса да, ашып-жарып айта алмайтын. Ал, бірақ Құнанбай сойыл соғарды, қол қимылды, тізе мен ызғарды керек қылған жер болса, бұл қауымның іркілетін бірі жоқ. Шоқтай 123 жиын – мықты топ. Жер алуда, ел алуда, оңайдан мал табуда бұлар Құнанбайдың қабағын қалт еткізбей түсінеді...» [7]. Лингвистикалық бейімдеу процесінде тӛмендегі мәселелер ескерілуі тиіс: • Лексикалық бейімдеу: сирек кездесетін, кӛнерген немесе кәсіби сӛздерді жиі қолданылатын синонимдермен алмастыру. Мысалы: «қара шаңырақ иесі» тіркесін «үйдің иесі болу» деп беру. • Грамматикалық бейімдеу: кҥрделі қҧрмалас сӛйлемдерді қысқа, қарапайым жай сӛйлемдерге бӛлу. • Стильдік бейімдеу: мәтіннің кӛркемдік реңкін сақтай отырып, бейнелі сӛздер мен кҥрделі теңеулер мен метфораларды қысқарту. Мысалы: бәйбішенің жалғызы, билік иесі, көлденең шығу, қабағын қал еткізбеу. Ұсынылатын бейімделген нұсқа: «Құнанбай – шешесінен жалғыз туған бала. Ол – әкеден қалған үлкен үйдің иесі. Оның қолында көп мал, үлкен билік бар. Құнанбай ағайындының ішінде үлкені, беделі де жоғары. Сол себепті үлкен атасы Ырғызбайдан тараған жиырма ауылдың бірде-бір адамы Құнанбайға қарсы келмейді. Біреу ренжісе де, ашық айтпайды. Бірақ Құнанбай бір іске көмек сұраса, бәрі бірден қолдайды. Бұл ауылдар Құнанбайдың айтқанын екі етпейді. Жер алуда да, мал табуда да оның көңіліне қарап, айтқанын орындайды». 2. Мазмұндық бейімдеу принциптері – кӛркем мәтінді тіл ҥйрету процесіне ыңғайлау кезінде оның негізгі ойы мен тәрбиелік, танымдық қҧндылығын сақтап, бірақ тіл ҥйренушіге жеңіл, тҥсінікті етіп ҧсыну тәсілдері. Бҧл принцип тӛмендегідей бағыттардан тҧрады: Сюжетті жеңілдету: Ҧзақ әңгімелер мен хикаяттардың негізгі сюжеттік желісін ғана қалдырып, мазмҧнға нҧқсан келтірмейтін детальдарды қысқарту. Оқиға желісін логикалық және тҥсінікті етіп қҧру. Мәтіннің көлемін қысқарту: Оқушының назарын ҧзақ уақыт бойы бір оқиғаға шоғырландыру қиын болғандықтан, мәтінді оқуға ыңғайлы кӛлемге келтіру. Түсініктілікті арттыру: Белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік контексті талап ететін тҧстарды қысқаша тҥсініктемелермен немесе анықтамалармен толықтыру. «Абай ауыл сыртындағы дөңнің үстіне шығып, ауылға көз салды. Көкірегін толықтырған оның тынысы жаңа ауамен толды. Жазғы қоныс, ұзын көштің алдыңғы легі болып, әлі-ақ сарылатын ауылдың үйлері тізілген. Көштің артындағы екі-үш ауылдың ілбіп келе жатқан белгісі таянып, шаң бұрқырайды. Оның көзіне ауылдың ортасындағы әкесі Құнанбайдың ақ үйі, үйдің алдындағы қараша үйлер, Қоңыркөк ала жіпті желіні, қозы-бұзау, жас төлдердің тірішілігі көрінді. Абай осының бәріне қарап тұрды. Оның жанындағы Ербол оған қарап тұрып, Абайдың көңіліндегі сырды ұққандай болды» [7]. Ұсынылатын бейімделген нұсқа: «Абай төбеге шығып, ауылға қарады. Ол терең тыныс алып, таза ауаны жұтты. Жазғы қонысқа ауыл көшіп келе жатты. Алдыңғы ауылдардың үйлері көрінеді, ал артындағы ауылдардан шаң көтеріліп жатты. 124 Абай үйінің ортасында тұрған әкесі Құнанбайдың ақ үйін көрді. Үйдің алдында қара үйлер тұр. Сол жерде қозылар мен бұзаулар жатыр. Абай бәріне қарап тұрды. Оның досы Ербол Абайдың жанында тұрды. Ол досының не ойлап тұрғанын түсінгендей болды» Мазмҧндық аспектідегі ӛзгерістер ретінде қысқарту әдісі қолданылды. Яғни, тҥпнҧсқадағы "кӛкірегін толықтырған оның тынысы жаңа ауамен толды", "ҧзын кӛштің алдыңғы легі болып, әлі-ақ сарылатын" сияқты кҥрделі әрі сипаттамалық сӛйлемдер алынып тасталды. Оның орнына "Ол терең тыныс алып, таза ауаны жҧтты" және "Жазғы қонысқа ауыл кӛшіп келе жатты" деген қарапайым сӛйлемдермен алмастырылды. Оқиға желісі тікелей әрі жеңіл баяндалады. Мәтіннің негізгі ой, яғни Абайдың ауылға қарап тҧрғаны және оның досы Ерболдың оның жағдайын тҥсінгені туралы мазмҧн сақталды. 3. Мәдени бейімдеу принциптері Бейімдеу – бҧл тек еркін аударма немесе кӛлемді азайту ғана емес, ол мәтіннің мәдени және коммуникативтік қызметін сақтап, жаңа ортаға ҥйлестіру. Мәдени бейімделу лингвомәдениеттану ақпаратының экспликациясына бағытталған, ол әлеуетті оқырманға беймәлім болуы мҥмкін. Тҥсіндіру барысында интерпретатор кҥрделі мәселені шешеді: бір жағынан ол мәтінді бейімдеу қажет, ал екінші жағынан ол бастапқы мәтіннің мағынасын барынша сақтау керек. Ғалымдардың пікірінше, шет тіліндегі мәтінді бейімдеуде мәтіннің кӛлемін, синтаксистік қҧрылымдарды, лексика мен белгілі бір елдің мәдени ақпаратын дҧрыс бере алу қиынға соғады. Сол себепті, интерпретатор мәтінді бейімдеу амалдарын жетік білуі тиіс [5]. Кӛркем мәтінде ҧлттық дҥниетанымға тән кӛптеген реалийлер кӛп кездеседі. Сондықтан бейімдеу барысында мәтіннің кӛркемдігімен қатар оның мәдени-тарихи мәнін де сақтауды кӛздеу қажет. Одан бӛлек, кӛркем мәтінді бейімдеу барысында бірнеше маңызды аспектіні ескеру қажет, ӛйткені бейімдеу – тек тіл ауыстыру емес, мәтіннің мәдени, эмоциялық және эстетикалық мәнін толық жеткізу процесі. Мәселен, 1. Негізгі идея мен мазмұнды сақтау. Шығарманың негізгі ойы, идеясы мен оқиғалар желісі ӛзгермеуі керек. Автордың стилін, ой тереңдігін, эмоциялық реңкін жоғалтпау – басты шарт. 2. Мәдени контексті ескеру. Мәтіндегі дәстҥр, салт, тарихи деректер, символдар сияқты элементтерді бҧрмаламай жеткізу. Мысалы, қазақ эпосындағы «қҧда тҥсу», «жар-жар айту» секілді мәдени элементтерді сақтап, қажет болған жағдайда тҥсініктеме қосу. 3. Оқырманға түсініктілік. Мәтінді мақсатты аудиторияға тҥсінікті қылып бейімдеу: кҥрделі немесе кӛнерген сӛздерді тҥсініктемемен беру;мәтіннің қҧрылымын жеңілдету, бірақ мағынасын жоғалтпау. 4. Эмоциялық-эстетикалық әсерді сақтау. Тҥпнҧсқаның эмоционалды әсері мен кӛркемдік қҧндылығы сақталуы тиіс. Мысалы, поэтикалық мәтінде ырғақ, метафоралар мен дыбыстық ҥйлесімдер ескеріліп берілуі керек. 5. Символдар мен метафораларды дұрыс жеткізу. Автор қолданған символдар мен метафораларды мҥмкіндігінше дәл бейнелеу немесе эквивалентін табу. 125 6. Аудитория ерекшелігін ескеру. Мәтінді кім оқитыны маңызды: балалар, жасӛспірімдер, ересектер немесе шетелдік оқырмандар. Мысал ҥшін «Абай» жолы романының бір ҥзіндісін қарастырайық, «Абай атының басын өзгелерден оздырыңқырап кеп, қос молаға көз жіберіп, үнсіз тұрып қалды. Көз ашылар бар ма, сірә, бұл дерттен!?-деп қайнай сөйлегенде, кесек жүзіне діріл кіріп, көздері да намыскер ызадан жасаурап кетті. Салған жерден ауызға алып, қиянаттап, айыптап сөйлегені жалғыз Абай болды. Аяғы, «ауыл итінің құйрығы қайқы» дейсің де, түңілесің де тоқтайсың. Жуан ауылдың сотқар малайы, өзі ожар, доғал жас, тегінде, Оспан «шаш ал десе, бас алғандай» іс ететін. Өзге Құнанбай атаулының бұл сағаттардағы «сағым сынды», «бағыма нұсқан келді» деген беймаза байбаламын Абай түсінсе де, өз бойына дарыптаған. «Мұқаттым» деп, «қара жерге отырттым» деп қара борандатып Оразбай, Жиреншелер кеткенмен де, өзінің бұл күндегі ісіне, еңбегіне ойы берік, бойы бекем Абай селт етіп, шіміріккен жоқ.Нұрғанымды білетін, Құнанбайға өші-кегі бардың бәрі де дәл осы арада бүркіті түлкі алғандай мәз болысып, жымың қағысты. Мен саған жағынушы емеспін, қытығыма тиіп кетсең, қауып алатын аузым да бар дегендей бір қыр да көрсетті. Бұл кезде Базаралыға еті үйреніп айтқан сөздер Мағаштан, Шұбардан, Ақылбайдан да кезек шығып отырған. Базаралыға да сезімтал Абай қауымы ем тауып, сынығын сылап тұрғандай. Сондай есептен тыс көмек-достық көрген сайын қанатым жетіліп отырғандай болады, - деді. Дауылды күні лайланған суық жайқын көбік атып толқын ұрса, ортасында кішкентай көк жасыл арал қандай көз тартар еді. Бұл да сол ессіз көл ішінде көздей ғана бір мекен екен» [2]. Ұсынылатын бейімделген нұсқа: Абай атының басын алға оздырып, қос молаға ұзақ қарап, үнсіз тұрды. Ішіндегі ыза мен өкініш жанын кернеп: — Көз ашылар бар ма бұл дерттен?! – деп күйініп сөйледі. Жүзі дірілдеп, намыс пен ашудан көзі жасаурап кетті. Осы сәтте ашық айтып, әділетсіздікті бетке басқан жалғыз Абай еді. Басқалар үнсіз қалған. «Ауыл итінің құйрығы қайқы» дегендей, әділетсіздікке қарсы шығу қиын екенін түсініп, ол да іштей түңілді. Жуан ауылдың сотқар малайы Оспан – дөрекі де ойсыз жас, «шаш ал десе, бас алатын» бірбеткей мінезді еді. Құнанбай әулетінің «сағым сынды» деген байбаламын Абай түсінсе де, оған берілмеді. Оразбай мен Жиреншелер жеңістің буымен мақтанса да, Абай өз ісінің дұрыстығына сенімді, ойы берік, бойы бекем болды. Құнанбайға өші барлар бұл жағдайға мәз болып, бүркіті түлкі алғандай қуанып жатты. Абай болса, «жағынушы емеспін, қытығыма тисең, қарсы тұрамын» дегендей мінез көрсетті. Базаралыға да, оның маңындағы Абайдың жақындарына да өзара сенім мен достық пайда болған. Олардың шынайы қолдауы Абайға күш беріп, үмітін арттыра түсті. Сол сәттегі көңіл-күйін ол дауыл көтерген лайлы көл ортасындағы жасыл аралға теңеді: кең дүниеде жалғыз сүйенер мекен табылғандай әсер етті. 126 *«Ауыл итінің құйрығы қайқы» – мақал-мәтел, әр адамның кемшілігі болады, ешкім мінсіз емес, әркімнің бір «ақсағы» табылады деген ойды білдіреді. *Шаш ал десе, бас алу – тҧрақты сӛз тіркесі, тым асыра сілтеу, артық кету, артығымен істеу деген мағынаны береді. *байбалам – қатты абыржу, ҥрейлену, уайымдап дауыстап айқайлау дегенді білдіреді. Мәтін мазмұндық бейімдеу принципіне сай орындалды:  Оқиға желісі мен негізгі идеясы сақталды.  Күрделі сӛйлемдер ықшамдалды, ауыр сӛздер жеңілдетілді.  Эмоциялық әсер жоғалмады.  Оқырманға түсінікті әрі жеңіл қабылданатын мәтін пайда болды. Қорытынды Кӛркем мәтінді бейімдеу – қазақ тілін ҥйретудің маңызды әдістемелік қҧралы. Ол оқушының тілді меңгеруін жеңілдетіп қана қоймай, қазақ халқының мәдениеті мен дҥниетанымын дҧрыс тҥсінуге жол ашады. Бейімдеудің тілдік, мазмҧндық және мәдени принциптерін ҥйлестіре қолдану оқу ҥдерісінің сапасын арттырып, тіл ҥйренушілердің ынтасын кҥшейтеді. Қазақ тілін ҥйретуде кӛркем мәтіндерді тиімді қолданудың маңыздылығы бҧл зерттеудің негізгі ӛзегі болды. Зерттеу барысында кӛркем мәтіндердің кҥрделілігіне қарамастан, оларды тілдік, мазмҧндық және мәдени тҧрғыдан бейімдеу арқылы оқыту процесін айтарлықтай жеңілдетуге және қызықтыруға болатыны дәлелденді. Бейімдеудің әр аспектісіне толық талдау жасалып, М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған ҥзінділер арқылы олардың практикалық жҥзеге асырылуы кӛрсетілді. Тілдік бейімдеу арқылы кҥрделі грамматикалық қҧрылымдар мен архаикалық лексиканы оқушының деңгейіне сай қарапайым етіп ӛзгертуге болады. Мазмҧндық бейімдеу арқылы мәтіннің негізгі сюжетін, идеясын және тәрбиелік мәнін сақтай отырып, оның кӛлемін ықшамдауға және оқушыға тҥсінікті етуге мҥмкіндік бар. Мәдени бейімдеу арқылы ҧлттық дәстҥрлер, салтдәстҥрлер мен символдық ҧғымдарды толықтырмалар мен тҥсініктемелер арқылы оқырманға дҧрыс жеткізудің маңыздылығы айқындалды. Бҧл зерттеу қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі жаңа бағыттарды дамытуға ҥлес қосады. Кӛркем мәтіндерді бейімдеу принциптерін қолдану арқылы қазіргі заманғы оқу-әдістемелік қҧралдарды (мысалы, комикстер, бейімделген кітаптар) жасауға болады. Бҧл тіл ҥйренушілердің оқуға деген ынтасын арттырып, олардың қазақ тілі мен мәдениетіне деген қызығушылығын тереңдетеді. Болашақта бҧл әдістемені оқу бағдарламаларына енгізу және оқушының деңгейіне қарай бейімделген кӛркем шығармалардың тҧтас сериясын қҧру қажет. Бҧл қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. ӘДЕБИЕТТЕР 127 1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. –Алматы, 2000. 2. С.М. Иманқҧлова, Н.Ж. Егізбаева ТЫҢДАЛЫМ МӘТІНДЕРІН ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БЕЙІМДЕУ ТҤРЛЕРІ. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph18 3. Игенова А.А., ТӛлеубаеваК.А. Бейімделген кӛркем әдебиеттің қалыптасуы мен дамуы: әдебиетке шолу// Ясауи университетінің хабаршысы.–2025.–No1(135). –Б. 213–222. https://doi.org/10.47526/2025-1/26640686.157 4. Азимов Э.Г., Щукин А.Н. Новый словарь методических терминов и понятий (теория и практика обучения языкам). – М.: Издательство ИКАР, 2009. Бим-Бад Б.М. Педагогически. 5. Г.Ж. Искакова, А.М. Жиеналина. БЕЙІМДЕЛГЕН КӚРКЕМ МӘТІН: МӘТІНДІ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ ТӘСІЛДЕРІ. https://ulagat.com/2020/12/02/бейімделген-кӛркем-мәтін-мәтінді-инт/ 6. Кулиева О.Н. К проблеме отбора учебных текстов по специальности для неязыковых вузов / отв. ред. Н.П. Баранова // Непрерывное обучение иностранным языкам: опыт и перспективы: матер. докл. Междунар. науч.- практ. конф., Минск, 21-22 декабря 2004 г.: в. 2 ч. – Ч. 2. – Мн.: МГЛУ, 2004. – С. 184-187. 7. Әуезов М., Абай жолы романы, 1 том, -Алматы: Жазушы, 2002 8. Әуезов М., Абай жолы романы, 2 том, -Алматы: Жазушы, 2002