Ж.БАЛАСАҒҰН «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ, ТІЛІ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Full text
575 Ж.БАЛАСАҒҰН «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ, ТІЛІ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ Айтбаева Айман Ералықы филология ғылымдары кандидаты, доцент Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан Республикасы [email protected] DOI: https://doi.org/10.5281/zenodo.17933228 Аңдатпа. Мақалада ислам дәуір әдебиетінің көрнекті өкілі, философия, математика, өнертану, әдебиеттану, тіл ғылымы, мемлекет басқару ісінде аса білімді Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанының тарихи және әдеби сипаты, тілдік, көркемдік ерекшеліктері туралы сөз етіледі. Түйін сөздер: поэзия, дастан, кемел мемлекет, рухани мұра, даналық сөз, мәдениет, патша, шығыс сюжеті. Аннотация. В статье рассматриваются историко-литературная природа, лингвистические и художественные особенности эпоса «Кутты билик» Ж. Баласагуни – видного представителя литературы исламской эпохи, высокообразованного специалиста в области философии, математики, искусствоведения, литературоведения, языкознания, государственного управления. Ключевые слова: поэзия, эпос, совершенное государство, духовное наследие, мудрые слова, культура, царь, восточный сюжет. Annotation. The article examines the historical and literary nature, linguistic and artistic features of the epic "Kutty Bilik" by J. Balasaguni, a prominent representative of the literature of the Islamic era, a highly educated specialist in the field of philosophy, mathematics, art criticism, literary criticism, linguistics, and public administration. Key words: poetry, epic, perfect state, spiritual heritage, wise words, culture, king, eastern plot. ХІ-ХІІ ғасырларда Шығыс Түркістан – Каспий теңізі аралығында екі орталығы бар (Баласағұн мен Қашқар) Қарахан мемлекеті өмір сүрді. Ол ҮІІІІХ ғасырда тарих сахынасына шыққан Қарлұқ мемлекетінің заңды жалғасы деп қаралады. Қарахан мемлекетінің тарихы мемлекетке атын берген Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғра хан (915-955) билігінен басталады. Қарахан мемлекеті Ислам мәдениетін жасаушы, ғылымы, әдебиеті жоғары деңгейде дамыған, мейлінше гүлденген елдердің бірі болып саналған. Бұл түркі Оянушылығының белгісі болатын. Қала мәдениетінің дамуы, әдебиет пен ғылымдағы ұлы тұлғалар шығармашылығы жан-жақты өсу үрдісінің болғандығын көрсетеді. Әдебиеттегі түркі Оянушылығы белгілері екі үлкен алып тұлғалары –Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашқари еңбектері арқылы көрінді.
576 Х-ХІІ ғасырда Баласағұни “Құтты білікте” державалық түрік мемлекетінің төрт құбыласы тең үлгісін жасағанда, Өтікен бектері, Білге Қаған, Күлтегін, Тоныкөктер құрған ұлы Түрік қағанатын елестете отырып жазса, Махмұт Қашқари түрік елінің бай мәдениетін, тілін жан-жақты сипаттап, түрік рухын ірілендіре түсті. Яғни, түркі әдебиетіндегі Оянушылықтың бастамалары осы туындыгерлерде жатыр деп білеміз. Бұл кітапты шығыс патшалары түгелге жуық алғызып оқитын болған. “Құтты білік” – ежелгі түркі тілдегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. Поэтикалық ойлау жүйесі, көркемдік нақыштары ерекше шебер үйлесімді, философиялық толғамдары терең, 85 тараудан, 6500-ден астам бәйіттен және үш қосымшадан тұратын бұл ауқымды шығарма көркемдік танымының үздік үлгісі болып табылады. Бұл дастан туралы өз замандастарынан бастап, бүгінгі күн әдебиетшілеріне шейін қалам тартпаған зерттеушілер кемде-кем. “Құтты білікте” көтерілген негізгі мәселе: Адам. Оның кемелденуінің жолдары. Оның бастылары мыналар: 1) Баласағұни “Ақыл қайда болса, ұлылық толады, Білім кімде болса, сол білікті болады” деп адамның жетіліп, кемелденуінің алғашқы жолы білім мен ақылда жатқандығын, ғылым іздеу – мұсылманның бір парызы екендігін қадап айтады; 2) Тілдің пайдасы мен зияны бірдей екенін білу; 3) Ізгілік – адамзаттың ең қажетті қасиеті екенін ұғыну. Елдің басшысы ізгі болса, халқы да ізгі болмақ. Ізгілік - оң, Ессіздіксол, жүгің -ар. Оңың - ұжмақ,солың - тозақ біліп ал! 4) Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір орында тұрмайды; 5) Әділеттің жолын қу, шыншыл бол; 6) Ажал есігі қашанда күтіп тұрады, сол есікті адамшылықты аттамай кір; 7) Нәпсіңді тый, сабырлы бол; 8) Шарап ішпе; 9) Ұл қызыңды тәрбиелі қылып өсір; 10) Сүюдің сырын көзден көрме, көңілден ізде; 11) Намысшыл ер бол; 12) Өз пайдаңнан гөрі ел пайдасын ойла. Ежелгі шығыс ілімі бойынша әлемді төрт нәрсе ұстайды: жер, су, ауа, от. Осы төрт нәрсенің үйлесімінен әлемнің үйлесімі құралады. “Құтты білікте” қоғамдағы, өмірдегі үйлесім де төрт кейіпкердің атымен берілген: 1) Күнтуды – Әділет бейнесі; 2) Айтолды – Әділ уәзір бақыт бейнесі; 3) Өгділміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесі; 4) Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесі. Дастандағы келесі бір өзекті мәселе – кемел мемлекет құру, әділ билік жүргізу, жақсы өмір сүру арманы. Ізгілікті қоғам құру мәселесі адамзат баласын өте ертеден-ақ, сонау ежелгі Грекия ойшылдарынан (Платон, Аристотель) бастап қызықтырған. Әл Фарабидің “Қайырымды қала...” еңбегінде қиялдағы мемлекет билігі туралы ойлары да бізге таныс. Кемел мемлекет Жүсіп
577 Баласағұнды да ойландырып, “Құтты білікте” ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҮЛГІСІН жасап, құтты мемлекет, биліктегілер қандай болу керек деген саулдарға жауап іздейді. Баласағұн суреттеген қоғамда әр адамның (бек, елші, ақын, егінші, қақпашы т.б,) өз орны бар, өзіне лайық қадыр-қасиеті бар. Кезінде «Құтты білік» дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде - «Мемлекет, тәртібі», екіншісінде - «шаһтардың әдепқағидалары», үшіншісінде - «мемлекеттіктің дәстүрі» деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі - «Құтты білік» дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. «Құтты білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған түріктерінің тілінде жазылған түркілердің рухани ортақ мұрасы. «Құтты білік» дастаны белгілі бір мағынада түркі жұртындағы Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. Қоғам мүшелерінің мінезқұлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам - ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерші күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатігездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы «хас хажиб», яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, асқан білгірлікпен айтып шығады. Арнайы кеңесші халықтың талаптілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығармасында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік философиялық мұраттарын баяндайды. «Құтты білік» поэмасы түрік тілінде жазылған тұңғыш саяси әдебиет ретінде оның айтудағы жаңа тәслі жөнінен өте маңызы зор шығарма. «Құтты білік дастаны» энциклопедиялық шығарма болғанымен, саяси бағыты өң бойынан байқалып тұрады. Өйткені, бұл еңбектен кейін саяси әлеуметтік шығармалар түркі халықтар арасында ғасырлар бойы үнсіз қалды. Тек қазақ әдебиеті хандық дәуір мен Алаш әдебиеті дәуірінде әдеби туындылар халықтың тағдырын саяси қимылдарын бөле жара қарамай дүниеге алып келіп
578 жүрді. «Құтты білік» дастанындағы ақынның ой белестері халықтық таныммен ұштасты. Баласағұн жақсылық пен жамандық жайында: «Егер ол мейірімділер күшті, ал қатігездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатігездігіне наразы болмас едік», «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, Білім-жарық, нұрын саған шашатын, Ел сарасы, кісіліктің белгісі.» «Жақсылыққа жақсылық қып жетесің, берер саған құдай өзі есесін», «Тірілер тірі болса-табысады, тілеулесіп, бір хабар алысады», «Бұл дүние жолы әрі дін жолы, жөн-жобадан жаңылмаған біл де оны!», «Қаласаң бұл дүниені, жолы осы, Ақырет жолы қусаң егер, ол да осы», «ақыл қайда болса, ұлылық толады, білім кімде, сол білікті болады». Ж.Баласағұн шығармаларындағы даналық сөздері қазақ мәдениетімен халықтық мақалмәтелдері арқылы ұштасып кеткенін байқау қиын емес. Бұл орайда естен шығармауға тиіс бір нәрсе бар. Ол – Жүсіп Баласағұнды биік ой шыңына жеткізген оның қоғамдық ортасы, ел қазынасы яғни елдің рухани қазынасы оның шығармасында көрініс тапқан. Демек қазақ мәдениеті Жүсіп Баласағұн өмір сүрген кезеңнен де бұрын қалыптасқан халық мәдениетінің мұрагері іспетте. Қазақ мақалдары мен Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» өлеңіндегі даналық сөздерін салыстырып көрелік. Жүсіп Баласағұн: Ақылы болса, пайдасын ер көп көрер, Білім білсе, әзіз тірлік өткерер. Қазақ мақалында: Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар! Жүсіп Баласағұн: Тілді бақ, басың аман болады, Сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады. Қазақ мақалында: «Басқа пәле тілден келеді, Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» т.с. Адамның білген-түйгендері оның өскен ортасына байланысты екенін негізге ала қойсақ, Жүсіп Баласағұн қазақ даласында өмір кешкен халқынан нәр алған ойшыл ақын екен деп түйсек жансақ қорытынды болмас. Өйткені ойшыл ғалым, зерделі ақын Асқар Егубайтың: «Қазіргі қазақ тіліне тән, етене жақын сөзді, сөз орамдарын, атаулар мен терминдерді, антропонимдерді шығарманың кез келген бәйітінен тізбелеп келтіруге әбден болады», -деген түйіні Жүсіп Баласағұнның мәдени өрісі, рухани әлемі өзбек, қырғыз, азербайжан, қазақ халықтардың өткен тарихымен тамырлас екендігін айқындай түседі. Жүсіп
579 Баласағұн шығармасында Аллаға иман, пайғамбарға сенім, сахабаларға құрмет, елін ойлаған қағанға ізет көрсетіп мадақ жанрының төрт түрін ортағасырлық түркі әдебиетінде қалыптастырады. Кейін қазақ әдебиетінде де Ислам дінін дәріптеу мақсатында қазақ жырауларының жырларында Аллаға, пайғамбарға, сахабаларға мадақ қалыпты тақырыпқа айналды. Қорыта келгенде, құт дарыған елдің адамы қандай болу керек деген сұраққа Баласағұн: «Құт-бақытқа кенелсем деп тор құрушылар көп. Бірақ, ол қасиетті адамға ғана қонады. Құт іздеген адам жібек мінезді, көңлі таза, жігерлі болып,үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетсін, арсыз көңілді тыйып ұстасын. Осы қасиеттер құтты ұстаудың құлып -кісені» деп кемел ой айтты. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Жүсіп Баласағұн. “Құтты білік” (Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған – Асқар Егеубаев.). Алматы, «Жазушы», 1986, 616 б. 2. Қыраубаева А. Жүсіп Баласағұни. // Ежелгі әдебиет. Астана, «Елорда», 2001, 98-112 бб. 3. Егеубаев Асқар. Жүсіп Баласағұн “Құтадғу білік” (ХІ ғ.). “Жұлдыз”, № 3, 1996, 170-194 бб. 4. Мырзахметов М. “Құтадғу білік” және Абай. // “Абай және Шығыс”. Алматы, «Қазақстан», 1994, 135-140 бб. 5. Әуезов Мұрат. Үш арыс (Тонықұқ, Жүсіп Баласағұн, Әлішер Науаи). // а) Уақыт және қаламгер. Алматы. «Жазушы», 1988, 175-192 бб.; ә) Мұра. Алматы. «Жазушы», 1990, 211-229 бб